Сіздерге айтарым, бос жерлерге т.б. бау-бақшаларыңызға өрік, алма, алмұрт, жүзім т.б. жемістердің дәнін осы күз айында егіп тастаңыздаршы. Дәнін бес сантиметр тереңдікке екі дәннен бір-бір тесікке егіп көміп тастаңыздар. Барлығы өспесе де, бірнешеуі өседі. Айдалада да бос жатқан жерлер көп. Еккен орнына белгі ретінде таспен т.б. нәрселермен қоршап қойыңыздар. Келер жылы шыбығы шыққанда, таптап кетпесін дегенім ғой. Шыбығын суарып тұру керек. Қашанғы қытайдың улы жемісін тасып жейміз? Мен сіздерге талды кесіп, бұтағын ек демедім. Оны да ексе де болады. Бұтақ жоқ болса, дәнін егіңіздер. Қытайдың жемісінің дәні болмайды. Ол өспейді екен. Себебі ол уландырылған. Тек Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдердің жемісінің дәні болады.
Үйдегі кішкентай ұл-қыздарыңызды үйден сыртқа алып шығып, ектіріп үйретіңіздер. Бұл кейінгілерге үлкен тамаша үлгі болар еді. Өскенде еңбекқор болады. Қашанғы дүкеннен зиянды «кока-кола», «Горилла» т.б. зиянды сусынды іше бересіздер. Осы айтылған табиғи жемістерден Корея елі тамаша сусын жасайды екен.
Бізге неге ғылымы дамыған елдердің жолымен жүрмеске? «Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» деген.
Баланың қолына саусақтың жуандығындай шыбық беріңіздер де, сосын тереңдігі 5 см тереңдетіп жерді шұқып, дәнді еккізіп көрсетіңіз де, үстіне жүз гр су құйғызыңыз. Сонан соң тесікті топырақпен жауып тастаңыз. Ұл-қызыңыздың егіп жатқан ісін, сыртынан камераға түсіріп, видеосын сақтап қойыңыз. Өскенде өзіне көрсетесіз.
Қазірден бастап балаларыңызды еңбекқор қылып тәрбиелеңіздер. Ертең әр жерден жеміс көптеп өсіп тұрса, біз өзге елден жеміс тасымаймыз. Керісінше өзге елге жеміс экспорттап бай болармыз. Екіншіден, жеміс үшін сыртқа миллиардтап ақша шығындамаймыз. Үшіншіден, өзіміз еккен жемісімізді сатып алмай тегін жейміз ғой. Дәнді бүгіннен бастап бір ыдысқа салып, жинай беріңіздер.
Егер қалада қабат үйде тұрсаңыз, осы постты ауылдағы дос-жаран, туыстарыңызға жіберіңіздер.
Керек болса, айдалаға да, тау жаққа да қос дәнді біріктіріп егіп тастаңыздар. Егер үйде жеміс жоқ болса, қашан үйіңізге жеміс келеді, сол кезде дәнін жинап егесіз. Қыс болмай тұрып егіп үлгеріңіздер. Бұрын өз анам бақшаға алманың дәнін еге салған ғой, содан шыбық шығып, одан кейін үлкен талға айналып кетеді. Білгеніңді айтпау, оқыған-тоқыған біліміңді ешкімге үйретпеу, көміп қойғанмен бірдей дейді. Егер бұл көтерген тақырыбым елде үлкен резонанс тудырса, онда елімізде жүз мыңдаған дән егіледі деген сөз. Резонанс тудыру, тудырмау, ол сіздердің қолдау, қолдамауларыңызға байланысты.
Кейінгі ұрпақтың денсаулықтары мықты болсын!
Оқып отырған ағайындар, жаппай таратыңыздар, себебі бұл өте пайдалы кеңес. Жоғарыдағы депутат т.б. әкім-қаралар да қолдаса, тіпті жақсы болар еді.
Жәнібек Иманмәзір















