Өткен жыл аудан үшін табысты болды. Ауыл азаматтарының талап-тілегі әдетте жазғандай ескеріліп қана қойған жоқ, шешімін түбейгейлі тапты. Аудан әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесуді қайта бастады. Бүгінгі күнді қоса есептегенде 6 ауылдық округтің талап-тілегі хаттамаға түсірілді. Ендігі мәселе - ұсыныс-пікірді жыл ішінде орындау.
«Балапанды күзде санайды» демекші, жыл соңында я болмаса тұрғындар тілегінің орындалуын біз жыл ішінде өздеріңізбен бөлісетін боламыз. 2022 жылы аудан көлемінде 100-ден аса ауыл тұрғындарына берген аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының уәдесі орындалғанын көрсеткен боламыз. Уәделер қатарында көрсетілген көше жарығы, асфальт төсеу, каналардар жайы, ашық спорт алаңдары, абаттандыру жұмыстары және басқада жайттар өз шешімін тапты. Бұдан бөлек, іргелі жұмыстарға шолу жасасақ, 9 ауылға газ, Аса ауылында 811 азаматқа үй салуға жер, 5 ауылда спорт кешенінің құрылысы, 4 ауылға ауыз су құбырының құрылысы басталды. «Келгендегі мақсат – ауылды түрлендіру. Алдарыңызға есеп бергеннен кейін, ауылдықтардың айтқан талабын назарға алып қана қоймаймыз, оны жыл ішінде орындауға күш саламыз, - деді бүгін аудан басшысы кездесулерде.