Балқаш қаласында «Отыз жылдыққа - отыз аялдама» акциясы жауынгер - қолбасшы Жалаңтөс батырға арналды

Балқаш қаласында «Отыз жылдыққа - отыз аялдама» акциясы жауынгер - қолбасшы Жалаңтөс батырға арналды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің​ ​30 жылдығына орай «Отыз жылдыққа - отыз аялдама» қалалық акциясы аясында қалада тағы бір жаңартылған автобус аялдамасы пайда болды.

Аталмыш аялдама XVIII ғасырда Бұланты, Аңырақай, Сарыбел, Түркістандағы шайқастарға қатысып, Қарқаралы, Балқаш, Аягөз және Баянауыл аудандарын азат етуде көзсіз ерлік көрсеткен, жоңғарлармен күресте өзінің батылдығымен, қайсарлығымен әйгілі болған жауынгер - қолбасшы Жалаңтөс (соқыр) батырдың ерлік жолына арналды. Стендтерде танымал адамдардың батырға берген бағалары мен Жалаңтөс батырға арнаулар орналастырылған. Өз елінің тарихын, өткенін құрметтеу - Отанға деген сүйіспеншіліктің маңызды құрамдас бөлігі.

Аялдаманы безендіруде «Құлық Жалаңтөс – Таңат Баба» қоры демеушілік көмек көрсетті. Бұл акция әлі де өз жалғасын табатын болады.

Жомарт Шаймұрат
15.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5519
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5668
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20640
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19271
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22731