Балта арқылы шетелге жеткен қазақ

Балта арқылы шетелге жеткен қазақ

Бүгінде аңыздан ақиқатқа айналған сонау 1986 жылғы желтоқсанда Алматыдағы қазақ жастарының бас көтеруіне тікелей араласып, көзсіз ерлікке барған мына азаматтардың да ерлігін еске алған жөн сияқты.

Алаштың арда ұлдары, философ, ғалым, саяси күрескер Сәбетқазы Ақатай мен этнограф, ғалым, саяси күрескер Жағда Бабалықұлы сол бір қаһарлы күндері жеке бастарының қауіп-қатеріне қарамай, жастармен бірге алаңға барып, кейін Желтоқсан туралы шындықты егжей-тегжейлі зерттеп, жинаған құжаттарын Алматының әр түкпіріне жасырып, КГБ тарапынан қуғынға түскендері өз алдына таусылмайтын бір әңгіме.

Әсіресе Сәбетқазы Ақатай мен Жағда Бабалықұлының Желтоқсан туралы шындықты алыс шетелдегілерге жеткізу жолындағы әрекеттері кімді де болса таң қалдырады.

Мәселен осы екі азамат Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі туралы мәліметтерді фотопленкаға кішірейтіп түсіріп, оны арнайы сатып алған балтаның темір бастарына егеп кіргізіп, тесікті қайтадан балқытып жауып, Қытайдағы, Араб елдеріндегі, Батыстағы, АҚШ-тағы таныстарына «сәлем-сауқат» ретінде жөнелтулерінде көзсіз ерлік жатыр емес пе? Сол «сәлем-сауқаттардың» Қытайдан басқа мемлекеттерге аман-есен жетіп, ондағылар ашып оқып, Желтоқсан туралы шындық әлем назарына алғаш рет солай ілінгенін бүгіндері біреу білсе, біреу білмейді. Сол кезде Сәбең тұрған үйдің жертөлесіне КГБ-дан жасыру үшін арнайы тығылған құжаттардың қазіргі тағдыры да беймәлім күйінде қалуда.

Сәбетқазы марқұмның көз жұмғанына да көп жыл болды. Ал Жағда Бабалықұлы ақсақал да қайтыс болғалы да аз жыл өткен жоқ.

 

Колбиннің бетін қайтарған Секең

1986 жылғы 17 желтоқсанда түн ортасы ауа Алматы партактивінің шұғыл мәжілісі өткені белгілі. Осы партактивте тізгінді қолына ұстаған Г.Колбин екі бетінен зәрін шашып, добалдай саусағын шошайтып,  елді ықтырып бара жатады.

Отырғандар Мәскеуден келген жаңа басшыдан ығып, тіл қата алмай бүрісіп отырады. Мына келмей жатып, «төр менікі» деп әкіреңдеп, қайта-қайта сұқ саусағын шошаңдатып, ауыздыға сөз бермей отырған кеудемсоқ Колбиннің бұл өрескел әрекетіне сонда отырған қасқалар мен жайсаңдардың ішінен бір-ақ адам қарсы шыға алған.

Ол  – белгілі журналист, «Жалын» баспасының директоры  Сейдахмет Бердіқұлов еді. Бағанадан  ананың өктем әрекетіне әзер шыдап отырған Сейдахмет Бердіқұлов жұлып алғандай:

– Геннадий Васильевич, сіз неге сұқ саусағыңыз шошаңдата бересіз? Бұл – әдепсіздік! – деп айтып салыпты. Сасып қалған Колбин:

 – Кешіріңіздер, байқамай қалыппын, – деп табан астында жұмсарып сала беріпті. Сейдахмет Бердіқұлов тарапынан жасалған бұл нағыз көзсіз ерлік еді!

 

Әйтімованың бұл айтқаны рас болса, кешірім сұрай ма?

Айтпақшы, ел арасындағы кейбір әңгімелерге қарағанда дәл осы партактивте сол кездегі Қазақстандағы ЦК ЛКСМ-ның хатшысы Бірғаным Әйтімова Мәскеуден келген жаңа басшыға көрініп қалу үшін былай депті деседі:

– Мен мына алаңдағы басбұзар қазақ қыздары мен ұлдарының әрекетін ашына айыптаймын. Қазір сол арада болсам, ана қазақ қыздарының шашынан сүйреп, өзім оларды тура сіздің алдыңызға алып келер едім, – деген тәріздес сөздер айтыпты деседі. Ол адам бұл сөзін кейін жастармен кездесу кезінде де қайталағаны жөнінде сыбыс көп. Бұл әңгіменің өсек екенін де, шындық екенін де ешкім тап басып айта алмайды.

Сондай адамның талай лауазымды орындарға тағайындалғаны, отырғаны тағы бар. «Азат» газетінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы 46-санында Әмина Бәкенова деген зейнеткер қазақ әйелінің «Әйтімова кешірім сұрасын!» деген шағын мақаласында бұл туралы сөз болды.

«Жел соқпаса, шөптің басы қозғалмайды» дейді дана қазақ халқымыз. Өтірік болса, Әйтімова неге өзін өзі ақтап алмайды, мен соны түсінбеймін.

Жұмаш КЕНЕБАЙ КӨКБӨРІ
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 19
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 92
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 92
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 95
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 65

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1313
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7357
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11225
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7411
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7563