БАҚ туралы заңға енетін өзгерістер қашан дайын болады?

БАҚ туралы заңға енетін өзгерістер қашан дайын болады?

БАҚ туралы заңнамаға енетін өзгерістер қашан дайын болатынын айтқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев: «Қолданыстағы заңнамада интернеттегі жарнаманы реттеуге қатысты құқықтық алшақтық бар екенін көреміз. Енді заңнамада интернет-ресурстардың жарнама орналастыру құқықтары мен жауапкершілігін нақты норма арқылы айқындау қажет деп санаймыз. Интернет-ресурстардағы баннерлік және бейне жарнаманың көлемін анықтау көзделіп отыр. Бұл шаралар жарнаманы орналастырудың барлық ережелерін сақтайтын дәстүрлі БАҚ мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Жарнама бүкіл БАҚ үшін негізгі табыс көзі екенін түсінеміз. Бірақ дәстүрлі БАҚ жарнама туралы заңнаманы сақтағаны сияқты, интернет орта да заң талабына бағынуы керек деп ойлаймыз. Министрлік бұл мәселеде барлық идеяларға ашық. Біз әрбір ұсынысты мұқият зерделеуге және біздің саламызды дамытуға көмектесетін идеяларды заңнамаға енгізу мүмкіндіктерін пысықтауға дайынбыз. Шамалап алсақ, жыл аяғына дейін ұсыныстарды жинап келесі жылы қоғам талқылауына шығарып, кейін Парламент қарауына шығарамыз. Бұл шамамен 2023 жылы болуы мүмкін»,– деді.

Ермек САХАРИЕВ
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5771
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5916
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20891
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19517
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22983