Алматының экономикалық соты бұған дейін жекешелендірілген «Барыс-4» көтерме сауда базары мемлекет меншігіне қайтарылады деген үкім шығарды. Іс материалдары бойынша, 2013 жылғы желтоқсанда «Найза-БН» компаниясы мемлекеттен «Барыс IV» базарын сатып алған. Мәміле шартын Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жасаған. Бұған дейін Бас прокуратура бұл нысан бес есе төмендетілген бағамен сатылғанын хабарлаған болатын. Нарықтағы құны 1,5 млрд теңге болса, ол 307 млн теңгеге сатылған. Осыған байланысты Алматы прокуратурасы осы шартты жарамсыз деп тану туралы талап-арыз түсірген.