Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: Ислам орталығы ашылады

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:  Ислам орталығы ашылады

Елордада «Ислам орталығы» ашылатыны туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Бас мүфти бағдарлық баяндамасында барлық бас имамдарға өз өңіріне білікті кадрларды қызметке тартуды, осы мәселемен кешенді түрде айналысуды тапсыратынын және мұны жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті. Кеңейтілген жиын барысында Наурызбай қажы Тағанұлы: – «Діни білім іздеген жастар неге шетелге оқуға кетеді?  Бұл сұрақ осында отырған әрқайсымызды терең ойландыруы керек. Бірнеше жылдан бері мемлекетіміздің көмегімен Ислам әлемінде жоғары мәртебеге ие әл-Әзһар университетінен білікті мамандарды Нұр-Мүбәрак университетіне қызметке шақырдық. Алайда шетелге діни білім алуға кетушілер саны азаяр емес. Біз жастарды өз елімізде діни білім алуға қызықтырып, жігерлендіруіміз керек. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, Алла қаласа, жуырда елордамыздан арнайы терең діни білім беретін «Ислам орталығын» ашуды жоспарлап отырмыз. Мақсат – отандық діни кадрлардың сапасын арттыру», – деді 

 

Ермек Сахариев
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 388
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 404
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 390
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 436

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13475
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13450
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28568
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27245
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30753