Бас қаланың шеткі аудандары да көркейіп келеді

Бас қаланың шеткі аудандары да көркейіп келеді

Қазақтың мақтанышы – елордамыз күн санап дамып келе жатқандығы баршамызды қуантады. Еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында астананың көшірілуі тарихи шешім болғаны тарихтың алтын парағына жазылар елеулі оқиға екені жадымыздан өшпейтіні белгілі. Сол астанамыз қазіргі таңда кәдімгідей өсіп, көркі көзтартатын алып шаһарға айналды. Бұл ешқандай әсірелеу емес екенін бас қаланың әрбір тұрғыны, қалаға ат басын бұрған кез келген қонақтардың берген бағасы дер едік.

Бас қаланың жалпы даму бағыты мен салынып жатқан жаңа аудандардың негізінен тың жерлерге, бұрынғы саяжайлардың орындарына түсіп жатқаны жас қаланың жылдам өсуіне қолайлы жағдай тудырғаны белгілі. Ал бұрынғы Ақмола кезіндегі кейбір көшелер бүгінде қала маңындағы шеткі аудандарға айналды. Дегенмен қала әкімшілігі бұл аудандардағы тұрғындардың талап-тілектерін, қажеттіліктерін естен шығарған емес. 

Жақында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Байқоңыр ауданына қарасты Кирпичный тұрғын алқабының тұрғындарымен кездесіп, халықтың көкейінде жүрген бірқатар мәселелер жөнінде пікірлесіп қайтты. 

«Қаламыздың әрбір төртінші тұрғыны елорданың шет жақтарында тұрады. Абаттандырылған аудандар мен елдімекендер арасындағы теңсіздікті жою үшін жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Түйткілді мәселелердің бірі – инженерлік желілер. Қаланың елдімекендерінде 50 км инженерлік желі салынды, оның ішінде 11 км – кәріз, 20,7 км – сумен жабдықтау желісі, ал 3 км-ден астамы – нөсер жауын ағатын кәріз. Биыл тағы 10 шақырым инженерлік желінің құрылысын аяқтаймыз», – деді Алтай Сейдірұлы. 

«Кирпичныйдағы мектеп құрылысы туралы айтылып келген еді. Нақтырақ айтқанда, №12 мектеп бойынша проблема қозғаған болатын. Бұл мектеп осыдан 60 жыл бұрын салынған, қазір апатты жағдайда, ал ішіндегі құрылымдары жарамсыз күйде тұр. Оның ғимаратын бұздық, қазір орнына жаңа, жайлы мектеп салу жұмысы басталды. Оны 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сол сияқты жеке инвестор есебінен балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Чехоев көшесіндегі (Байқоңыр ауданы, Кирпичный елдімекені) апатты үйлердің тұрғындарымен кездестім. Ондағы үйлердің бір бөлігін (барақтар) 2024 жылға арналған бұзу тізіміне енгіземіз. Бейнебақылау камераларын орнату, жол мәселесі, аула клубтары, абаттандыру секілді түрлі проблемалар қозғалды. Бұл мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды», – деді қала басшысы.

«Елдімекендер жеке сектор болғандықтан, 680 км газ тарату желісі салынды. Алматы және Сарыарқа аудандары газбен қамтамасыз етілген. Ал Байқоңыр және Есіл аудандарында жеткізуші газ құбырын (2023 жылы кварталішілік желілер) салу жұмысы жүріп жатыр.

Соңғы жылдары елдімекендердің өзінде 250 көше салынды және жөнделді. Биыл тағы 70 көшені асфальттаймыз, оның негізгі бөлігі аяқталды. Сол сияқты 300-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, бірқатар оқу орны салынды.

Мемлекет басшысы қаланың шет аумақтарын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Біздің мақсатымыз – елдімекендерге қажетті инфрақұрылым жүргізіп, тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, демалыс орындарын және т.б. салу», – деді Алтай Көлгінов.

Бас қаланы дамыту мәселесі мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Биыл маусым айында қала әкімін қабылдаған кезде де елорданың инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, қала тұрғындарының түйткілді мәселелерін шешуді тапсырғаны есімізде.

Бас қалаға газ жеткізілгелі бері қыстыгүні ыс басып тұратын шеткі аудандардың ауасы айтарлықтай жақсарды. Бұл жұмыс жалғасын табатын болады. Дегенмен әлі де қыруар жұмыс күтіп тұрғаны жасырын емес. Көшелерді біртіндеп асфальттау, шағын саябақтар мен тұрғындарға жайлы демалыс және денешынықтыру орындарын салу жұмыстары жалғаса бермек.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 329
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 953

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9028
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8424
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11652
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9408
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10634