Бас шырша алауы ерте жағылған жоқ па?

Бас шырша алауы ерте жағылған жоқ па?

Биыл тәубе деуіміз керек, жаңа жылдық шыршаға құрмет Тәуелсіздік мерекесінен кейін ғана көрсетіліп отыр. Жылда зәулім шыршаның ығынан Тәуелсіздік мерекесі сығалап тұратын еді. Әйтеуір ұлтжанды азаматтардың айқай-ұйқайымен көптеген кедергілерді жеңіп келеміз.   

«20 желтоқсан күні Елордада «Нұр Әлем» сферасының алдындағы алаңда еліміздің жаңа жылдық бас шыршасының шамын жағу рәсімі өтті. 25 метрлік шырша қала тұрғындары мен қонақтарының қуанышына айналды» деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты. Биіктігі 25 метр болатын шыршаның диаметрі 10 метрге жетеді. Ал салмағы – 4048 кг. Бірақ бұл шыршаның құны қанша тұратыны әзірге беймәлім. Анық ақпарат таба алмадық. Сұлбасына қарап сұрапыл ақшаның жұмсалғанын аңғару қиын емес. Жә, делік...

Шырша шамдарын жағу рәсіміне Аяз ата мен Ақшақар, спортта, оқуда, шығармашылықта жетістікке жеткен елордадық жасөспірімдер қатысты. Шыршаға бір сәтте 1600-ден астам жаңа жылдық шарлар, 300-ге жуық үлкен және кішкентай ақ ұлпалар ілінген. 

– Бүгін керемет мереке, әсіресе балалар үшін. Отбасымызбен бірге қаладағы ең үлкен шыршаны көруге, коньки тебуге және таза ауада демалуға келдік. Оның үстіне ауа райы өте қолайлы болып тұр, – деп қала тұрғыны Анастасия алған әсерімен бөлісті.

Айтпақшы, кеш қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары, оның ішінде Ринат Малцагов, Маржан Арапбаева, балалар хоры және т.б. өнер көрсеткенін баса айтуымыз керек. 

– Біз осы маңға жақын жерде тұрамыз. Серуендеп жүріп, жұрттың ақырындап жиналып жатқанын көрдік. Көп ұзамай шыршаның шамы жағылып, мерекелік концерт қойылды. Мұндай көңіл-күй жаңа жылдың жақындағанын еріксіз еске салады, – деді елордалық Меруерт Қайыпова. Айта кету керек, тап осы күндері елорданың барлық ауданында мұз қалашықтар, жаңа жылдық шыршалар, Аяз Ата мен Ақшақар, аққала және өзге де атрибуттар орнатылды. 

Нағыз жаңа жыл күн мен түннің теңелгені, жердің көгеріп гүлдегені, елдің аузы аққа тиіп түрленгені, табиғаттың жасарып, жайнағаны – Наурыз десек те, сақылдаған сары аязда тойланатын жаңа жылға құрмет төмендер емес...

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803