Баспана бағасына ықпал еткен не?

Баспана бағасына ықпал еткен не?

 Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев: «Біріншіден, құрылыс көлемінің артуы. Мәселен, былтыр елімізде 15,5 млн шаршы метр баспана салынса, биыл 17,5 шаршы метр салынып жатыр. Бұл жерде мемлекет халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін бәрін жасап жатыр деуге болады. Құрылыс көлемі 2,5 млн шаршы метрге артқандықтан, құрылыс материалына деген сұраныс артты. Осының салдарына баға өсіп жатыр. Қазақстанда цемент шығаратын 15 кәсіпорын бар. Олардың қуаты 16 млн тонна. Былтыр 9 млн тонна шығардық. Үшінші елдерден келетін цемент импортына тыйым салдық. Бірақ баға өскен кезде ең әуелі 15 кәсіпорынды шақырып, келіссөз жасадық. Сонда көптеген зауыттар бағаны өзгертпегенін айтты. Ал нарықта цемент бағасы 21 мың теңгеден 36 мыңға дейін өскен. Яғни ортадағы сатушылар бағаны көтерген. Екі ортада бағаны өсірген сатушыларды Бәсекелестіті қорғау және дамыту агенттігінің мамандары сабасына түсірді. Ал арматура бағасын түсіру үшін оны автокөлікпен елден сыртқа әкетуге тыйым салынды. Арматура бағасы әлем нарығында екі есе қымбаттады. Өйткені Лондон биржасында болаттың бағасы 2 есе өскен. Елдегі арматура шығаратын кәсіпорындар 1,9 млн тонна арматура шығарады. Былтыр ішкі нарықта 1,2 млн тонна арматура қажет болды. Бірақ өндіріс көлемі 755 мың тоннаны ғана құрады. Соның өзімізге 550 мың тоннасы қалды. Қалғаны Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты елдере экспортталды. Арматура бағасын реттеу үшін қара метал сынығын автомобильмен шығаруға толық тыйым салынды. Соның арқасында арматураның бір тоннасы 400 мың теңгеден, қайта 340 мың теңгеге дейін түсірілді», — деді.

  * Сосын зейнетақы қорынан берілген ақша.  Біздің бағалауымыз бойынша, жыл басында былтырғымен салыстырғанда баспана бағасы 13-15 пайыз өсті. Бірақ оған үш негізгі фактор әсер етті. Біріншіден, пандемия кезіндегі тоқтаулардың кейінге қалған сұранысы қосылды. Екіншіден, пандемияға байланысты логистикалық проблемалар болды. Құрылыс материалдарының шетелден тасымалы кешеуілдеді. Үшіншіден, ең үлкен фактор —зейнетақы қорынан бөлінген қаржы. Осы уақытқа дейін 1,5 трлн теңгеге тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі болды. Осы үш фактор әсерінен тұрғын үй бағасы 13-15 пайыз көтерілді. Ал қазір ондай факторлар мен болжамдар күтіліп отырған жоқ. Сондықтан, 30 пайыздық қымбаттау болжамы негізсіз деп ойлаймын. Алдағы 4 жылдың ішінде тұрғын үй салуға қажетті материалдың бәрі Қазақстанда өндірілмек. Мұны енді нақты өндірілетін құрылыс материалдарымен байланыстырсақ, өзімізде шығарылатын материалдардың бағасы тұрақты болып жатыр. Кей жерлер жыл басындағы, ортасындағы бағаны төмендетті. Ішкі нарықтың 60 пайызы отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілген. Линолеум, тұсқағаздар, креамикалық тақта, санфаянс сияқты импорттық тауарлар бар. Алдағы 3-4 жылда ол тауарлар толық өзімізде өндіріледі. Қазір кремаика тақтасын ышғаратын 2 зауыт салынып жатыр. Бұған дейін керамика тақталарын шығаратын бір ғана зауытымыз болды. Осы уақытқа дейін Шымкенттегі зауыт жылына 2 млн шаршы метр шығарып келді. Күні кеше Ақтөбе облысында 5 млн шаршы метр шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Нұр-Сұлтан қаласында 12 млн шаршы метр өнім шығаратын зауыт салынып жатыр. Ақтөбе қаласында тағы бір 5 млн шаршы метр өнім шығаратын зауыт салу жоспарланған. Олар тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қоймай, экспортқа да шығарады. Қазірдің өзінде керамика тақталары экспортқа шығарылып жатыр», — деп мәлімдеді.

Ермек Сахариев
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 225
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 592
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 535

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9239
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8636
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11862
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9633
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10844