Баспасөз – қоғам айнасы

Баспасөз – қоғам айнасы

Халықаралық мәртебесі бар газет саяси қызметін адал атқарып, Отанға, ұлтқа  қызмет етудің жоғарғы үлгісін көрсетуде. Газетпен бірге шығатын «Алтын жұлдызды» республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналы да өскелең ұрпақты шығармашылыққа баулиды. Міне биыл аталған газеттің шыға бастағанына – 30, «Мөлдір бұлақ» журналының 20 жылдығына орай басылым басшысы Сәуле Мешітбайқызын құттықтап,  басылым  мазмұны да, көтерер жүгі де күн сайын байып, абырой-беделі өсе берсін демекпін.  Сіздің  ел ішін аралап, халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп жүрген еңбегіңізді ерекше бағалаймын.  Қоғамдағы түрлі проблемаларды назардан тыс қалдырмай, келеңсіздіктерді шешуде белсенділік танытып келесіз. 

Аталмыш газет  – еліміз тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, халықтың арман-ойы, мұң-мұқтажын халыққа жеткізіп келе жатқан басылым. Қашанда сол халықтың қолдауынан айырылмай, қалың оқырмандарының қатары көбейе береді деп сенемін.

Мерейтой құтты болсын!

 

Әлихан Балқыбеков, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі
22.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5328
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5485
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20453
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22546