БАСҚАРМА БАСШЫСЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
Ауданымыздағы спорт саласының дамуын, спорт нысандарының қалыпты жұмысы мен бұқаралық спорттың дамуына қатысты мәселелерді көзбен көру мақсатында өңірімізге облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов келіп, Шу қаласы мен ауылдық округтердегі спорт нысандарын аралады.
Басқарма басшысымен бірге өңіріміздегі «Локомотив», «Қайрат», С.Хасенов стадиондарын көріп, жасыл алаңдардың қазіргі хәл-ахуалын көзбен көрді. Сондай-ақ Балуан Шолақ ауылдық округінде сол ауылдың азаматының демеушілігімен бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылысымен де танысты. Жалпы көлемі 800 шаршы метрді құрайтын спорт нысаны 80 келушіге арналған. Мұндағы жұмыстар ағымдағы жылдың шілде айында толық аяқталады деп жоспарлануда.
Бұдан бөлек, басқарма басшысы Бірлік ауылындағы «Қазақмыс корпорациясының демеушілігімен соғылған спорт алаңшасын, Д.Қонаев ауылында жаңадан пайдалануға берілген зәулім спорт кешенін және Белбасар ауылындағы спорт кешенін аралап, жергілікті жаттықтырушылармен, ата-аналармен кездесіп, салаға қатысты түйткілді мәселелер талқыланды.
Шу ауданы әкімдігі
07.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 234
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 214
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 213

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20537
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20335
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35434
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34007
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37861