Басқарудың жаңа бағытын түсіндірді

Басқарудың жаңа бағытын түсіндірді

Қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкей жүргізген кездесуде аталмыш орталық өкілдері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жаңа реформалар мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа форматын түсіндірді. Сонымен қатар сапар барысында жаңа форматтағы басқару жүйесін енгізген қос тұрғын үйдегі жұмыстың жүргізілуімен танысып, нұсқаулықтар берді.

Еске сала кетсек, өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, күшіне енді. Яғни заң жүзінде қабылданған құжат саладағы негізгі түйткілдерді шешпек. Бұл ретте «Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидаты бойынша меншік иелері бірлестігін құру көзделді. 

Жаңа бағыттағы бірлестік құрудың  артықшылығы туралы «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ өңірлік даму және әдіснама департаментінің директоры Марғұлан Әбдікәрімов айтып өтті. 

– Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері басқарудың екі формасының бірін таңдайды – мүлік иелерінің бірлестігі немесе қарапайым серіктестік. Мүлік иелерінің бірлестігі – тұрғын емес үй-жайдағы пәтер иелері құрған заңды тұлға, қарапайым серіктестік – заңды тұлға құрмай, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың барлық иелерін тікелей бірлесіп басқаруы. Қарапайым бірлестік 20-30 пәтерлі түрғын үйлер үшін қолайлы, ал негізінен 30 пәтерден асатын тұрғын үй болса, мүлік иелері бірлестігін құруды ұсынамыз. Тұрғындар таңдауымен сайланған мүлік иелерінің төрағасы басқару қызметін өзі атқарады. Бұл үшін негізінен жұмыссыз, жауапкершілігі мол, белсенді азаматты  таңдаған жөн. Дегенмен негізгі жұмысын атқара жүріп, кешкілік көппәтерлі тұрғын үйдің мәселесімен айналыса алатын адамдарды да сайлауға шектеу қойылмайды. Ол мүлік иелері бірлестігі атынан сервистік компаниялармен келісім жасауға, тұрғын үйді күтіп ұстау немесе жөндеу бойынша атқарылған жұмыстар актісін қабылдап қол қоюға және ақысын төлеуге құқылы болады. Жиналған қаражат тұрғындардың өз бақылауында болады, – деді Марғұлан Жеңісұлы.

«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков көппәтерлі және жеке тұрғын үйді басқару саласын цифрландыруға тоқталып, бұл ретте республиканың барлық тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын цифрландыруға мүмкіндік беретін ауқымды жоба іске қосылғанын жеткізді. 

– «Е-Шаңырақ» жүйесі Е-zhkh.gov.kz домені бойынша орнатылды. Платформа 16  қыркүйекте іске қосылып, тәжірибелік нұсқада жұмыс жасауда. Мұнда жинақталған деректер саланың ашықтығын арттырып, бәсекелестік нарықты қалыптастырады. Әлі  де толықтырылып, дамыту қажет. Осы ретте пайдаланушылардың ұсыныстары  ескерілетін болады, – деді Нұрбек Нұржанұлы. 

Салада күрмеуі шешімеген мәселе жетерлік. БҚО ПИК қауымдастығының төрағасы Нұрлан Шабдаров тұрғындар тарапынан жанашырлықтың жоқтығына, өздерінің  тұрғын үйлеріне қатысты маңызды жиналыстарға қатыспайтынына қынжылды. Сонымен қатар арзан тариф күрделі жөндеу, құбырларды жаңарту сынды ауқымды жұмыстар жасауға  мүмкіндік бермей отыр. 

– Басқарушы орган өз міндеттемелерін жақсы білуі керек. Заңда бұл туралы ашық көрсетілмеген. Сол себепті халық арасында аз ғана тарифке сәйкес ақы алса да, «барлық жұмысты ПИК атқаруы тиіс» деген түсінік қалыптасқан. Қазіргі таңда орташа тариф – 35 теңге. Бұл бағамен құбырларды, шатырды жөндеу мүмкін емес. Ол үшін мақсатты қаражат жиыны болуы керек. Мәселелерді жалпы жиналыстарға салмай-ақ, заңда ашық көрсеткен дұрыс, – деді Нұрлан Уапұлы. 

Басқосуда ПИК өкілдері тарапынан бұған дейінгі ПИК-тердің ресми түрде жұмысын тоқтату және жаңа форматта жұмысын бастайтын бірлестікті тіркеуге қатысты сұрақтар көтеріліп, мамандардың жауаптары тыңдалды. Сонымен қатар қызмет тарифі, жұмыстың жүйесіне  қатысты мәселелер қозғалды. 

Жалпы Орал қаласында 1247 көппәтерлі тұрғын үй  бар. 106  «Пәтер иелерінің кооперативі» жұмыс жасайды. Жаңаша форматта  жұмыс істейтін  23 «Мүлік иелерінің бірлестігі», 870 жай серіктестік тіркеліп үлгеріпті. Жалпы көрсеткіш – 53%.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 103
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 115
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 345
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 576
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9224
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8620
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11846
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9616
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10829