Батагөй қариялардың байқауы

Батагөй қариялардың байқауы

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылында қариялар арасында аудандық «Батаменен ел көгерер» атты байқау өтті.

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары байқаудың маңыздылығына тоқталып, негізгі мақсат – ата-бабамыздың байырғы салт-дәстүрін, бабалардың ұлағатты, ғибратты сөздерін жаңғыртып, әдет-ғұрыпты дәріптеу, сонымен қатар, сөздің асылы, ақ тілектің атасы, бата беру дәстүрін жас ұрпаққа жеткізу және жалғастыру екендігін айтып өтті.

Байқауға Жаңатас қаласы және ауылдық округтерден барлығы 11 батагөй қария қатысты.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынға жайылмалық Кенжеболат Үмбетов қария, екінші орынға ақтоғайлық Серік Төлеуов қария, жүлделі үшінші орынға жаңаталаптық Ізтай Орынтай қария ие болды.

Байқау жеңімпаздарын аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов арнайы дипломдармен, заттай сыйлықтармен марапаттады.

Сонымен қатар, барлық байқауға қатысушы қарияларға «Аманат» партиясы Сарысу аудандық филиалының төрағасы М. Есмұрзаев Алғыс хат, заттай сый-сыяпаттар табыс етті.

Шара барысында аудандық мәдениет үйінің «Сарысу» триосы көпшілікке әсем әннен шашу шашты.

Жамбыл облысы әкімдігі
21.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5138
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5297
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20259
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18900
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22359