Батут: Ислам жаһанды таң қалдырды!

Батут: Ислам жаһанды таң қалдырды!

   Қазақстандық Ислам Қабдоллов Бакуде өтіп жатқан батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, 11-12 жастағылар арасында акробатикалық жолда секіруден алтын медаль жеңіп алды. Ислам финалда Ресей, Бельгия, Израиль, Португалия және Оңтүстік Африка елдерінің спортшыларын басып озды. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Ислам Есенгелдіұлы 2009 жылы 16 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген. Оралдағы №19 орта мектептің 6 сынып оқушысы. Гимнастикамен №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бес жасынан бастап шұғылданып келеді. Ислам спортшылар отбасында тәрбиеленуде. Әкесі Есенгелді Айсағалиев – самбодан, анасы Айжан Мұсабекова – гимнастикадан спорт шебері. Анасы өңірге танымал гимнастика бапкері.

 

Ермек САХАРИЕВ
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5020
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5184
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20139
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18784
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22241