Батысқазақстандық спортшылар жарады!

Батысқазақстандық спортшылар жарады!

6-10 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында өткен ересектер арасында «Муай-тай» спорттық жекпе-жегінен ҚР чемпионатында Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінің қызметкері Али Нәсіпқалиев жеңімпаз атанды. ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа еліміздің 11 аймағынан 110 тайбокшы қатысқан. Олардың арасында Азия, Еуропа, Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегелерлері де бар.

5517 әскери бөлімінің қызметкері А.Нәсіпқалиев ерлер арасында 91 келі салмақ дәрежесінде күш сынасып, қарсыластарына есе жібермеген. – Муай-тай – физикалық тұрғыдан көптеген дайындықты талап ететін спорт түрі. Себебі, бұл спорт түрінде ешқашан жеңіл жол болмаған. Кез келген жарыста көптеген жарақаттар алсам да, өзімнің табандылығымның арқасында осындай дәрежеге жеттім. Сайысқа қатысқан барлық қарсыластарым осал болған жоқ, әрқайсысы өз аймағынан келген чемпиондар. Алайда мен үшін ең қиын кезең – ақтық мәре  болды. Енді әлем чемпионатына дайындығымды бастаймын, – дейді Али.

Сайыс қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте Алматы облысы топ жарса, Батыс Қазақстаннан барған спортшылар 6-орынға табан тіреген.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

БҚО Орал қаласы

 

12.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4981
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5146
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20101
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18747
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22203