Батысқазақстандық университетте денсаулық спартакиадасы өтуде

Батысқазақстандық университетте денсаулық спартакиадасы өтуде

 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде профессорлар-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Денсаулық-2022» қысқы спартакиадасы ұйымдастырылуда.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі спорттық іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру және спорттың көмегімен салауатты өмір сүру салтын насихаттау; оқытушылар мен қызметкерлердің спорттық шеберліктерін арттыру. Жалпы аталмыш білім ордасында бұқаралық спортты дамытуға баса көңіл бөлінеді. Осындай мақсаттарды көздейтін қысқы спартакиаданы университеттегі «Жәңгір хан» спорт клубы ұйымдастырды.

Жарысқа университет құрамындағы бес институт пен бөлімдердің командалары қатысуда. Командалар спорттың волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, жұптық үстел теннисі, көңілді сөре, пневматикалық қарудан оқ ату, шахмат, дартс, қол күресі, шаңғы эстафетасы, арқан тарту секілді 12 түрінен өзара сайысқа түседі. Жалпы спорттың барлық түрі бойынша 300-ден астам адам жарысқа қатысуда.

– Салауатты өмір салтын насихаттау, спорт саласын дамыту – университетіміздегі тәрбие жұмыстарының бір бағытын қамтиды. Дәстүрлі спартакиада да осы жұмыстардың аясында ұйымдастырылады. Әріптестеріміз осындай спорттық іс-шараларға белсене қатысады, – дейді Жәңгір хан университетінің ректоры Асқар Наметов.

Жұмыстан тыс уақытта спорттық жарыстардан қалыс қалмайтын аға оқытушы Қаржаубай Досов бұл жолы да «Индустриалды-технологиялық институты» командасындағы әріптестерімен бірге спорттық шеберлігін шыңдауда. – Таза ауада денсаулығымызды нығайтып, спорттық жарыстарға қатысудамыз. Бүгін шаңғы эстафетасы бойынша қарсылас командалармен бірге сынға түстік. Университетімізде спорттың бірнеше түрімен айналысуға барынша жағдай жасалған, осындай спорттық жарыстар жиі өткізіліп тұрады, – деді ғалым-ұстаз.

Спартакиаданы өткізу барысында санитарлық және карантиндік талаптар толығымен сақталады. Бірнеше күнге жалғасатын «Денсаулық-2022» спартакиадасының қорытындысы бойынша спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болған командалар «Жәңгір хан» спорт клубының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталады. 

 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
29.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5564
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5711
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19314
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22776