Батысқазақстандық университетте волейбол турнирі өтуде

Батысқазақстандық университетте волейбол турнирі өтуде

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Батыс аймақтық жоғары оқу орындарының студент қыздары арасында волейбол турнирі басталды.

         Жарыстың ашылу салтанатына білім ордасының басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Дәурен Мұқанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Турнирге Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ командалары қатысып, өзара шеберліктерін сынға салуда.

Волейбол ойындары ертең де жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын алған командалар республикалық кезеңге өтеді

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5007
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5173
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20128
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18773
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22230