БАУЫРСАҚТАР БАЙҚАУЫ

БАУЫРСАҚТАР БАЙҚАУЫ
Бауырсақ-кәделі тағам. Басқа нан тағамдарына қарағанда, бауырсақ өте дәмді әрі тойымды.
Бауырсақ – дастарқан сәні. Адам оны сүйсініп жейді. Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ, сірә.
Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы көрмейтін адам жоқ. Бауырсақты қазақтар ғана тұтынады десек, қателесеміз.

Оны моңғол, орыс, қытай, француз қатарлы көптеген әлем елдерінің ас мәзірінен де көруге болады. Орыс болсын, кәріс болсын, барлық ұлт өкілдері бауырсақ көрсе, ауыз тимей кетпейді.

  • Осындай ұлттық тағамымыз саналатын бауырсақ дәріптеліп, оның пісіру жолдары айтылып, әр адамның пісіру жолдары Игілік ауылдық округі “Балбөбек ” бөбекжай-бақшасында “Ұлттық бауырсақ фест”-2022 атты бауырсақтар конкурсында көрініс тапты.

Бөбекжай бақша қызметкерлері дәмі тіл үйіретін, қиялдан ,әр түрлі пішінде бауырсақтар дайындап әкеліп құрамымен,жасалу жолын түсіндіріп, қорғап шықты.

Расында бауырсақтың түрлері көп. Біз оны пісірудің ерекшеліктеріне баса назар аударылды. Қазақтың бешбармағымен бірге бауырсақты да дастарханға қою дәстүрдің жалғасы.
Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді.
Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз, дәмі тіл үйірер бауырсақсыз күні жоқ деуге болады.
Үйімізге қонақ келсе, ең алғаш дастарқанға нан қоямыз. Асығып тұрған кісі болса, «Ең болмаса нан ауыз тиіңіз» дейді үлкендер.
Барған үйден нан ауыз тимей шықпаймыз. Бұл нанның құдіретті ас екендігінің тағы бір белгісі. Ендеше дастарқаныңыздан нан үзілмесін, ағайын!
 
Гүлнафис Сертекеева, Игілік ауылдық округі “Балбөбек ” бөбекжай-бақшасының меңгерушісі
20.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 89
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 99
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 195
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 561
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 509

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9210
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8607
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11833
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9603
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10816