Базалық мөлшерлеме деңгейін қайтадан қарау керек

Базалық мөлшерлеме деңгейін қайтадан қарау керек

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев: «Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, базалық мөлшерлеме деңгейін қайта қарауы керек. Бұл мәселені депутаттар да көтерген. Базалық мөлшерлеме экономикадағы барлық ставкаға ықпал етеді, оның ішінде депозиттер, несиелер, купонды бағалы қағаздар мен басқалары бойынша әсері бар. Бір жағынан Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін жоғары деңгейде ұстап тұру керек екенін алға тартса, біз оның деңгейін қайта қарау керек екенін айтып отырмыз. Себебі қазір теңгенің долларға қатысты бағамы тұрақтанып, бұрынғы деңгейінде қалыптаса бастады», - деді министр. Бұл тұрғыда экономиканың өсімін қамтамасыз ету үшін тиісті трендті құру қадамдарына көшу маңызды. Тиісті пайыздық мөлшерлемесіз экономиканы несиелеуге қаражат тарта алмаймыз. Сондықтан аталған деңгейді төмендеткен дұрыс болады», — деді.

Ермек САХАРИЕВ
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5328
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5485
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20453
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22546