БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫНА ЕСКЕРТКІШ БҰРЫШ ОРНАТЫЛДЫ

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫНА ЕСКЕРТКІШ БҰРЫШ ОРНАТЫЛДЫ
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияда қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі Әділбай Дастанның құрметіне ескерткіш бұрыш орнатылды.
Салтанатты шараға аудан әкімі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Талас аудандық бөлімшесінің бастығы, Әділбай Дастанның әке-шешесі, бауырлары және мектеп ұжымы қатысты.
Жиын бейбіт күннің батырын 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Шарада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияның оқушылары Әділбай Дастанға өлең арнады.
Сондай-ақ, Қаратау қаласында қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі Әділбай Дастанды еске алуға арналған 2008-2009 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында дзюдодан облыстық ашық турнир өтуде.
Талас аудан әкімдігі
28.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4995
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5161
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20116
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18761
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22217