Беларусь Республикасында Қазақстанның мәдениет күндері қалай өтуде?

Беларусь Республикасында Қазақстанның мәдениет күндері қалай өтуде?
 
28 қарашада Минскіде Қазақстанның мәдениет күндері басталды. Бағдарламаның бірінші күні фильмдер көрсетілді, мерекелік іс-шаралар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың домбыра бойынша шеберлік сабағымен, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің дәріс-концертімен, Гала-концертпен, сондай-ақ Қазақстанның қолданбалы өнер көрмесімен жалғасты.
«Біз үнемі кино және көркемөнер көрмелерін өткіземіз, кітапханаларымыз, музейлеріміз бен архивтеріміз жемісті өзара іс-қимыл жасап келеді, бірқатар ЖОО аралық шарттар іске асырылады, әдебиет, кинематография қайраткерлері арасында достық байланыстар сақталады, театрларымыз арасында серіктестік бұдан әрі де дамиды. Беларусьтің шынайы мәдени брендіне айналған «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі көптеген талантты қазақстандық әншілерге үлкен шығармашылық өмірге жолдама берді», — деп атап өтті Дәурен Абаев.
Беларусь жұртшылығы алдында халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаттары: Әлішер Кәрімов, Рухия Байдукенова, Шынар Ибатова, Мархаба Сайланбек, Шынар Балтина, Жанар Дугалова және басқалар өнер көрсетті.
Шеберлік сабақтары аясында домбыра бойынша 7 дана қазақ ұлттық музыкалық аспабы тапсырылды.
«Түркі халықтары әлемге сыйға тартқан ең үлкен өнертабыстардың бірі – домбыра. Домбыра – қазақтардың басты музыкалық аспабы, бұл қазақ үшін бүкіл әлем, домбыра – қазақтың жаны. Оның шектерінің дыбысында Ұлы даланың терең философиясы жатыр. Қазіргі Қазақстанда да домбыра жоғары құрметке ие – әрбір отбасында осы музыкалық аспап төрден орын алған», — деді министр Дәурен Абаев.
Сондай-ақ, Минскіде министрлік басшысы беларусьтық әріптесі Анатолий Маркевичпен кездесті. Әңгімелесу барысында тараптар мәдениет саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы
01.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 21
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 95
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 96
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 100
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 71

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1318
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7363
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11231
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7416
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7569