Белгілі белсенді Парламентті ЛГБТ қозғалысының қысымына берілмеген шақырды

Белгілі белсенді Парламентті ЛГБТ  қозғалысының қысымына берілмеген шақырды

 

Белгілі қоғам белсендісі Бағила Балтабаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы үндеу жариялады.

Құрметті Маулен Сағатханұлы!

Бүгін белгілі бір ЛГБТ-активист өз үндеуін жолдап, ЛГБТ-пропаганданы шектеу туралы заңды қабылдамауды талап етті.

Осыған орай, барлық ата-аналардың, жастардың, елге бей-жай қарамайтын азаматтардың және Қазақстан патриоттарының атынан Сізді ЛГБТ-қозғалысы өкілдерінің қысымы мен арандатушылық әрекеттеріне бой алдырмауға шақырамыз.

Біз бүгін түрлі ЛГБТ-активистердің мемлекеттік институттарға ықпал етуге және қоғамға өздерінің теріс идеологиясын таңуға бағытталған ақпараттық шабуыл жүргізіп отырғанын көріп отырмыз.

Балаларды қорғауға арналған орынды шектеулерді олар әдейі «қудалау» немесе «құқық бұзу» деп көрсетеді, өздерін «жәбірленуші» ретінде танытады. Бұл – жалған әрі арандату!

Эмоциялық қысым көрсету, көпшілік алдында өз пайдасына ойнау, мән-мағынаны бұрмалау және балалардың санасына еркін жол ашуға ұмтылу – олардың әрекетінің негізгі сипаты.

Қандай ақпараттық шудың күші болмасын, Сізді осы манипуляцияларға берілмеуге шақырамыз.

Қазақстан – әр адамның құқығы құрметтелетін мемлекет!

Біз – мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, отбасылық және Ұлттық құндылықтарды- болашақтың негізі деп білетін Елміз!

Ал «бостандық» ұранымен балалардың санасына ықпал етуге жол ашу – бұл диалог емес, ұлттық құндылықтар жүйесіне көрсетілген қысым.

Бүгін біз отбасы тұрақтылығы мен қоғамның тұтастығын, ұрпақтар сабақтастығын сақтап қалу сияқты маңызды міндетке тап болып отырмыз. Сондықтан ұсынылып отырған түзетулерді «құқықтарды шектеу» деп көрсету – мәселені әдейі бұрмалап, эмоциялық әсер беруге бағытталған тәсіл.

Тағы да атап өткіміз келеді: бұл түзетулер ешбір азаматтың құқығын шектеуге арналмаған.

Қазақстан – әр адам жеке өміріне, қадір-қасиетіне және қауіпсіздігіне құқылы мемлекет. Алайда мемлекет балаларды қорғауға міндетті.

Осыған байланысты Сізден сұраймыз:

1. ЛГБТ-пропаганданы шектеуге бағытталған түзетулерді қолдауыңызды;

2. Манипуляциялық ақпараттық қысымға бой алдырмауыңызды;

3. Қандай жағдай болса да, табанды және тұрақты ұстаным сақтауыңызды.

Санасы қатпаған, әлі ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмайтын жас ұрпақты біз қорғау біздің тікелей міндетіміз және сол үшін Мемлекет нақты, әрі нық әрекет етуге тиіс!

Қазақстан өзге идеологиялық эксперименттерді жүргізетін алаңға айналмауы керек!

Бірлесе отырып, біз міндетті түрде жеңеміз!

18.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20040
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19855
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35002
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33570
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37381