Бензинді сыртқа шығаруға тыйым салынуы мүмкін

Бензинді сыртқа шығаруға тыйым салынуы мүмкін

Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев: «Осы жылдың мамырында Қазақстанда бірқатар мұнай өнімін ел аумағынан автокөлікпен шығаруға жарты жылға тыйым салынған болатын. Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін Қазақстан аумағынан автокөлікпен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды көздейтін бұйрықты тағы алты айға созу мәселесі пысықталуда. Ол мақұлданса, бензинді автокөлікпен ел аумағынан шығаруға тағы алты ай мерзімге тыйым салынуы мүмкін  Сондай-ақ, ішкі нарықты дизель отынымен тұрақты қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстарының мерзімін ауыстыру не қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр. Биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша 8,3 миллион тоннадан астам мұнай өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш жоспардан асып тұр, яғни 102 пайыз. Атап айтқанда, автобензин бойынша көрсеткіш 3,1 миллион тонна болды, яғни жоспарлағаннан 104 пайызға көп. Өндірілген дизель отынының көлемі 3,3 миллион тоннаға жетті. Бұл осы жылғы жоспардың 98 пайызы»,— деп мәлімдеді.

Ермек Сахариев

Ермек Сахариев
17.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14601
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14513
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29663
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28285
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31837