БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - БІРЛІК

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ - БІРЛІК
Аудан халқы өзінің мызғымас достығымен, тату бірлігімен қарқынды еңбек етіп келеді. Ауданда 30-дан аса этнос өкілдері тұрады. Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуына өз үлестерін қосуда. Аудан халқының 93,3 пайызын қазақтар, 6,7 пайызын өзге этнос өкілдері құрайды. Ауданда 7 этно-мәдени орталықтар жұмыс істейді.
Жалпы, Жамбыл облысында этнос өкілдері көп шоғырланған 25 елді мекен болса, соның бірі — Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды ауылы. Бұл ауылда қазіргі таңда 305 күрді ұлтының өкілдері тұрады. Ауданда өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін жаңғырту мен сақтауда бірқатар шаралар атқарылып келеді.
Бүгін аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, аудандағы этно-мәдени орталықтың жетекшілерімен кездесу өтті.
Аталған шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов арнайы қатысып, этно-мәдени орталық жетекшілерін алдағы келе жатқан мерекемен құттықтады.
Этно-мәдени орталықтардың өкілдеріне аудан өміріне, аудандағы қоғамдық -мәдени шараларға белсене араласып, берекелі тірліктің үлгісін көрсетіп келе жатқандығына алғысын білдіріп, халқымыздың татулығы мен бірлігінің нығая беруін тіледі.
Шара барысында этно-мәдени орталықтардың жетекшілері сөз алып, үнемі қолдау білдіріп келе жатқан аудан басшыларына ризашылығын жеткізді.
Кездесуге қатысушыларға өздерінің дайындап келген мерекелік бағдарламаларын, көрме және ұлттық тағамдарын ұсынды.
Шара концерттік бағдарламамен жалғасып, орталық жетекшілеріне сый-сияпаттар жасалынды.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
27.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 85
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 197
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 201
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 415
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 378
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 997

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9073
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8471
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11697
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9460
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10676