Мемлекет басшысының өкімімен Берік Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Сенат ҚР Бас прокуроры қызметіне Берік Асыловты тағайындауға келісім берді. 3 наурызда жарияланған құжатта: «Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалсын,— делінген Берік Ноғайұлы 1964 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында туған. Ұзақ жылдарбойы заң саласында жауапты қызметтерді атқарған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен және «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған. 2011 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3 дәрежелі «Мемлекеттік әділет кеңесшісі» шеніне ие болған.