Берік Уәли: Құсбегілер мәселесін шешуді қолға аламыз

Берік Уәли: Құсбегілер мәселесін шешуді қолға аламыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрі құсбегілік бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы, Ұлттық және ат спорты орталығы, еліміздің 17 өңірінен құсбегілік бойынша өкілдері және Ұлттық спорт президенті Бекболат Тілеухан мен Құсбегілік федерациясының жаңадан тағайындалған басшысы Берік Уәли қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде құсбегілік спортының қазіргі жағдайы мен дамуы жолындағы өзекті мәселелер қаралды. Сонымен қатар жиын барысында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті жаңадан тағайындалған федерация басшысына арнайы куәлік табыс етті.

 

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Құсбегілік федерациясының жұмысын Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Қанайұлы маған сеніп тапсырылды. Бекболат ағамыздың тарапынан осындай қоғамдық қызметке ұсыныс айтылғанда жылы қабылдап, бірден келісімімді бердім. Қазақтың дәстүрін, мәдениетін, салтын дәріптеуге, шамамыз келгенше үлес қосуға тырысу міндетіміз деп білемін – деді Берік Уәли.

 

Сонымен қатар ол алға қойылған мақсаттар мен міндеттер барын айтты.

 

Сол жолда бүгіннен бастап қызу жұмыс жасауымыз қажет. Ең алдымен, жұмысты жүйелеуді облыстардан бастау қажет деген ұйғарымға келдік. Облыс деңгейінде құсбегілік спорты бойынша жұмыстар жүйеленсе, республикалық деңгейдегі жұмыс алға басатынына сенімім мол. Сіздердің міндеттеріңіз – облыс деңгейінде құсбегілік спортын дамыту, насихаттау, спорт мектептерінде құсбегілік бөлімшелерін ашу, мүмкіндігінше жеке мектептер де ашуға ат салысу – деді федерация басшысы жиналған бүркітшілерге.

 

Одан кейінгі міндет – аудан, облыс, республика деңгейіндегі құсбегілік жарыстарын жүйелеу, құсбегілік спортымен айналысушылардың санын көбейту, кадрлар қатарын білікті мамандармен толықтыру екенін атап өтті ол. 

 

Бүркітшілеріміздің жарысқа баратын кездегі құстарын тасымалдау мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Осы мәселе бойынша «Қазақстан темір жолы» басшылығымен кездесіп, мән-жайды түсіндіріп, бұл мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Осы алға қойылған мақсаттар іс жүзінде жүзеге асырылса, қазақтың құсбегілік өнері ел ішінде кеңінен насихатталып,  әлемдік деңгейге шығып, қыран құстарымыз танымалдыққа ие болары сөзсіз. Сөз соңында, ұлттық спорт жолында жүрген сіздер секілді азаматтардың еңбек жолына толағай табыстар мен спортта биік жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспін – деді Берік Уәли.

"Вaq.kz" сайтынан 

08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 39
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 78
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 63
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 32
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 69
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 78
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 69
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 67
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 74
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 64
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 71
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 69
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 291

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9303
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8697
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11925
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9699
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10907