Бесағаш пен Түрксіб ауылына ауызсу тартылуда

Бесағаш пен Түрксіб ауылына ауызсу тартылуда

Ағымдағы жылдың ақпан айының екісінде Бесағаш пен Түрксіб ауылының тұрғындары алдында 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берген аудан әкімі Сәкен Арубаев жұртшылықтың түйіткілді түйінін, ауылдағы мәселелердің шешілу жолдарын қарастыратыны айтып, уәде еткен болатын.

Бесағашта бауын тапса байламын таппай келе жатқан жұмыстар баршылық. Бұл орайда Кеңес үкіметі тұсында жүргізілген ауызсудың әбден тозығы жеткені, әлем, азия, елімізге танылған спортшылардың "шеберханасына: айналған ауылда дене шынықтырумен айналысатын нысанның қажет екенін айта кетуге болады. Жоғарыдағы мәселелерді сол есептік кездесуде ауыл қариялары мен жастары  көтеріп, қолдау білдіруін өңір басшысынан өтінген еді.

Ауыл азаматтарының басы қосылған кездесуде Сәкен Қаланұлы ауылға спорт нысанын салу жұмыстарын жүргізетінін, халық тіршілік нәрінен тарықайтынын, осы жылы екі ауылға сапалы ауыз су тартылуына күш салатынын жеткізген еді.

Міне, бүгінде сол жиыннан кейін 7-нші ай жүзін көрсетті.

Көпшілік алдындағы уәделер мен тұрғындардың өтініші ескерілді ме? Ауылда қандай өзгерістер бар? Осы сауалдарға жауап алу үшін біз Бесағаш өңірінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.

Бесағаш пен Түрксіб ауылындағы 1480 аулада 6822 тұрғын тұрады.

Ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығы ескеріліп, ұзындығы 44, ені 22 метрді құрайтын кіші футбол алаңына аудандық бюжеттен 11 млн теңге қаралып, жасанды төсеніші мен бірге жарық шамдары орнатылып, ел игілігіне берілсе, "Іске-сәт" ауылшаруашылығы кооперативінің директоры Қадіржан Дөненбаев дәл осындай алаңның құрылысын осы жылы аяқтауға ниеттеніп отыр. 

Ал, әмбебап залы бар спорт кешенін салу жұмыстарына келер болсақ, жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, құны 480 млн теңгені құрайтын бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының құрылысын жүргізу үшін облыс әкімдігіне өтінім берілген. Қолдау тапқан жағдайда келер жылы жұмыстар басталады деп күтілуде.

Ал сапалы ауызсу жүйесі өңір басшысы айтқандай, ауылішілік көшелер қазылып, игілікті іс басталып кеткен.

Бұл туралы ауыл әкімі Бейбіт Нигматуллаев: "Ауылда халық қажетін өтеу үшін жасалып жатқан жұмыстар баршылық.

Ұзындығы 74 шақырымды құрайтын ауызсу желісіне республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге қаралып отыр. Жұмыстарды "Көлсай Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз мәресіне жеткізеді. Жұмыстар келер жылға өтпелі. Яғни, ауыл азаматтары ауызсуды 2022 жылы пайдалана алады. Қазір мердігер компания қажетті заттарын орналастырып, техника атаулының бәрі көшелерде жұмыстар атқарып жатыр, - дейді ол.

Ауыл-аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға жұртшылық оң бағасын беріп отыр.

– Құдықтан су пісіп ішіп келе жатқанымыз қашан. Оның үстіне жерасты суының сапасы да төмен. Бүгінде мемлекетіміз ауылдарға қарайласып жатқанын аңғаруға болады. Әсіресе, басшыларға айтқан ұсыныс-тілектер сол жерде қалып кетпей, жүзеге асып жатқаны қарашаның билікке деген сенімін нығайта түседі екен. Тезірек сапалы ауызсудың рақатын көруге асықпыз, – дейді бесағаштық Асланби Керімжан.

Осындай игіліктерге көз жеткізгеннен кейін ойға "Сөзден-іске" қағидасы оралады екен. Бастысы - халыққа қолайлы орта қалыптастыру үшін қолға алынған жұмыстар жасалуда.

Бұдан бөлек ауылда біршама жұмыстар тиянағын тапқанын аңғаруға болады.

Әзірге осы мысалдар бүгінгі сапарымыздың негізгі тақырыбын айқындап берді.

Ақжігіт Жетпісбай, Жамбыл ауданы
17.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 114
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 127
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 586
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 529

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9235
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8631
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11857
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9628
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10840