Бетпердені қайта киеміз бе?

Бетпердені қайта киеміз бе?

Алла Тағала  «Сақтансаң ғана сақтаймын» деген. Осы орайда сақтық шаралары басталған секілді. Себебі қазірдің өзінде Астана қаласында COVID-19 жұқтырып сырқаттанып жатқандар саны артуда.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды. «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» деп аталатын бұл құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында бетперде кию режимі енгізіледі.

Қаулы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардағы, Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің басшыларына міндеттер жүктелді. Олар медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын, халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Ал облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына, Орталық мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға бетперде тағу ұсынылады. Нақтырақ айтқанда, олар халық көп жиналатын жерлерінде (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдаланғаны жөн. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Деректерге сүйенсек, 2024 жылдың қаңтар айында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда коронавирусқа байланысты жағдай 2,5 есе өскені байқалған. Жаңадан жұқтырғандардың ең көп саны Алматы қаласына (143 жағдай) және Астана қаласына (74 жағдай) тиесілі. Ал биыл 26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында ауру жұқтырғандар 26-ға өскен. Бұл аралықта да жаңадан тіркелгендердің ең көп саны Алматы қаласына (37 жағдай) және Астана қаласына (21 жағдай) тиесілі.

Сонымен коронавирусқа байланысты шектеу шараларын енгізу жоспарланбайды. Тек соңғы айдың ішінде аурудың өсуі байқалғанын, сондай-ақ ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылық эпидемиясы маусымының жалғасып жатқанын ескере отырып, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, медициналық ұйымдарға барған кезде, науқаспен байланыста болғанда маска кию ұсынылып отыр.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
17.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 56
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 696
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370