БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА
Бүгін Түркістан облыстық әкімдігінде Ордабасы және Сауран аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты анықталған бірқатар заңбұзушылықтар туралы ұсынуларды қарау бойынша мәжіліс өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдары мен жауапты басқарма басшылығы, аудан, қала әкімдерінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарлары, білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Алдымен Түркістан облысы прокуратурасының Ордабасы аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мәселелер қаралды. Облыс прокурорының аға көмекшісі Ерарыс Жолбарыс сөз алып, орын алған заңбұзушылықтарды ортаға салды. Ал Облыстық білім басқармасының жалпы бөлімінің басшысы Әлжан Сапарбеков бақылаудан күшейтіліп жатқанын жеткізді.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев заңбұзушылықтарға ықпал еткен себептерді анықтап, аталған жағдайларды жою жөнiндегi ұсыныстарды жіті зерделеп қарау керектігін айтты.
Жиынның екінші бөлігінде Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Сауран аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты анықталған бірқатар заңбұзушылықтар талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бұлан Рақымжанов, аталған департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Мұрат Өтегенов бірқатар мәселені ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.
– Бүгінде облысымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүйелі түрде қарқынды жүргізіліп жатқандығына қарамастан, осындай оқиғалардың кездесетіні өкінішті. Жаңа жүйеге көшкенімізбен кейбір аудандарда деректер тіркеліп отыр. Сондықтан әрбіріңіз өз ұжымыңызда жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті шараларды қабылдап отыруларыңыз қажет. Әрбір қызметкеріңіз үшін сіздер де жауаптысыздар, тиісті қадағалау, тексеру жұмыстарын барынша күшейтуді тапсырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.
Мәжіліс соңында онлайн қатысқан аудан, қала әкімдерінің сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарлары мен білім бөлімінің басшылары тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар пысықталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
01.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Қауіпсіздік – бізге байланысты
Материал Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД ақпараты негізінде дайындалды - 27.12.2024 73
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.12.2024 27
ТҮРКІСТАНДА ҮШ АҚЫННЫҢ КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.12.2024 25
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 573
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 693
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 700
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 692
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 696
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 472

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11762
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10693
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13925
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12882
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17890