БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІНДЕ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕГЕ ЖЕТТІК

БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІНДЕ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕГЕ ЖЕТТІК

🔹Оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарға ынталандыратын ғылыми жобалар жарысы бүгін аяқталды. Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пəндер бойынша оқушылардың ғылыми жоба конкурсында жамбылдық дарындылар қоржынымызға 6-алтын, 9-күміс, 14-қола медальдарды салды. Сондай-ақ, 6 оқушымыз арнайы дипломдармен марапатталды. Осылайша барлығы 29 марапатпен үлкен жеңіске жеттік деп есептеймін. 

 

🔹Жалпы ғылыми жобалар конкурсына республика бойынша 749 оқушы, 596 ғылыми жобасымен қатысса, облысымыздың атынан 50 оқушы       16 секция бойынша 40 ғылыми жобалық жұмыстарын қорғаумен бақ сынасты.

 

🔹Оқушыларымыз дәстүрлі додаға ерекше ден қойып дайындалды. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары сан салалы. Бастысы – тынымсыз ізденістің арқасында жоғары нәтиже көрсетті. 

 

👏🏻Жеңімпаз  оқушыларымыз бен жетекшілік еткен ұстаздарды мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз! Ғылым жолындағы алғашқы бастаулары баянды болып, оқушыларымыздың еліміздің еңсесін биіктетер ертеңі боларына сенеміз!

Жамбыл облысы Бейқұт Жамакзов
24.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 711

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19639
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19451
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34576
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33142
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36962