Бір мезетте Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Астанаға, ал АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңге келіп қонды.

Бір мезетте Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Астанаға, ал АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңге келіп қонды.
Бір жақта — Орталық Азия үшін тарихи, мәдени және стратегиялық маңызы зор Түркия көшбасшысы. Ердоғанды Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Суреттерден ресмиліктен бұрын жылылық байқалады. Түркі әлемінің байланысы, дипломатиядағы сенім, саяси мәдениет сезіледі.
Екінші жақта — АҚШ пен Қытай арасындағы күрделі қатынастардың жаңа кезеңі. Трамп Бейжіңге мемлекеттік хатшы Марко Рубионы, ұлы мен келіні Эрик-Лара Трамптарды және Илон Маск, Дженсен Хуанг секілді ірі бизнес өкілдерін ерте барды. Бұл жерде бір маңызды деталь бар: қазіргі геосаясатта мемлекет басшылары ғана емес, технология мен капитал иелері де үлкен рөл ойнай бастады.
18 сағаттық ұшудан кейін Air Force One-нан түскен Трампты қытай тарапы айрықша сән-салтанатпен қарсы алды. Гүл ұсынған қытайлық қыз, қызыл кілем, мұқият ұйымдастырылған нәзік рәсім — мұның бәрі Қытайдың символдық дипломатияны қаншалықты шебер қолданатынын көрсетеді.
Иә, бүгінгі әлем бұрынғыдай бірполярлы емес. Вашингтон, Бейжің, Анкара, Мәскеу, Берлин — бәрі жаңа ықпал кеңістігін қалыптастырып жатыр. Ал Қазақстан дәл осы геосаяси тораптың ортасында тұр.
Сондықтан Астанаға Ердоғанның келуі де, Трамптың Бейжіңге баруы да біз үшін жай сыртқы жаңалық емес. Бұл — әлемнің қалай өзгеріп жатқанын көрсететін маңызды белгілер.
Қазір дипломатияның ең үлкен міндеті — соғысты емес, диалогты күшейту. Билік емес, бейбітшілік үстем болса екен.
 
Бейжің, 13.05.2026
 
13.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25099
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24619
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42050
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37913
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42382