"Бір халық-бір ел-бір тағдыр» атты облыстық спартакиада

"Бір халық-бір ел-бір тағдыр» атты облыстық спартакиада
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен әртүрлі этнос жастары арасында өзара қарым-қатынасты нығайту, татулық пен бірлікті қалыптастыру, жастар арасында салауатты өмiр салтын насихаттау мақсатында «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» атты облыстық спартакиада өтті.
Атаулы шараға Жуалы, Сарысу, Байзақ, Жамбыл аудандарынан 4 команда және Тараз қаласынан 11 команда қатысты.
Жалпы шарада 80-ге жуық жас спартакиада ережесіне сәйкес спорттың 8 түрінен өзара бақ сынады.
Спартакиадаға жалпы құны - 225 000 теңге жүлде қоры қойылды.
Жүлделі орындар төмендегі командаларға бұйырып, орын алмаған командалар алғыс хаттармен марапатталды:
🥇1-орын 100.000 тг. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің "ЖПЖК" командасы;
🥈2-орын 75.000 тг. "Болашақ" командасы;
🥉3-орын 50.000 тг. "Парасат" командасы иеленді.
Жомарт ЗҰЛПЫХАР, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
25.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5002
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5168
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20123
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18768
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22224