«Бірігу арқылы көп мүмкіндіктерге ие боласыздар»

«Бірігу арқылы көп мүмкіндіктерге ие боласыздар»
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Олжас Қаржауов аудандағы кәсіпкерлермен кездесті.
Жиынға аудан әкімдігінің кәсікерлік бөлімі және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары мен жауапты мамандары және сүт өңдеу кәсіпорындары мен шағын цехтардың иелері және ірі азық-түлік дүкендерінің иелері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе - аудан аумағындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын өндірушілердің тауарларын аудандағы ірі сауда объектілерінде сатылуы туралы.
Ауданымызда бүгінгі таңда сегіз сүт өнімдерін өндіретін кәсіпкерлік нысандар бар. Бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Бурный сүт компаниясы» мен «Ақ мол» ЖШС және шағын цехтар барлығы өз әлеуетіне қарай тұрғындардан сүт қабылдап, түрлі сүт өнімдерін шығаруда. Жалпы сүт өнімдеріне деген сұраныс қашанда жоғары. Алайда барлық кәсіпкерлік нысандарға ортақ мәселе – шикізаттың жетіспеуі.
Аудан басшысы Олжас Есалханұлының кәсіпкерлермен кездесуінің мақсаты – кәсіпкерлермен шикізат мәселесін шешу жолдарымен ақылдасу.
-Биыл бірқатар шаруалар мал азығына пішендеме мен сүрлем дайындады. Бұл мал азықтары биылғыдай қуаңшылықта да өте тиімді. Ең бастысы, пішендеме мен сүрлем құнарлы әрі пайдалы азық. Сүрлем мен пішендеме жеген сиырдың сүті де мол болады.
Одан кейінгі мәселе сүтті сиырларды ұстауға көшуіміз керек. Себебі, сүті аз сиырды асырау кім-кімге болса да тиімсіз. Сүті аз сиыр өзінің жем-шөбін де ақтамайды.
Сіздерді шақырып отырғандағы мақсатым – шикізат мәселесін, яғни сүт тапшылығы мәселесін шешу жолдарын ақылдасу. Менің ұсынысым – сүт өндіретін кәсіпкерлер бірігіп, ассоциация құрсаңыздар. Бірігу арқылы көп мүмкіндіктерге ие боласыздар. Мәселен, біз пайдалану мерзімі аяқталған жерлерді үкіметке қайтарып, қазір ешкімге бермей ұстап отырмыз. Егер сіздер ассоциация құрсаңыздар, біз жерді сіздерге береміз. Нәтижесінде мал азығы базасын құрып, бұл мәселені дұрыс жолға қоюға болады. Яғни, сіздер сауынды сиыр ұстайтын шаруалармен келісіп, жер беріп, сүрлем мен пішендеме дайындау арқылы сүттің көлемін көбейте аласыздар. Ассоциацияның мүмкіндіктері көп. Субсидияға да қол жеткізе аласыздар. Біз құжатын дайындап, үкімет тарапынан көрсетілетін бар көмек-қолдауды жасауға дайынбыз.
Тағы бір айта кетерлік мәселе – бірігіп, шикізат мәселесін шешіп, қарқынды жұмыс істеу арқылы әлеуеттеріңізді көтеріп, аудандағы ірі азық-түлік дүкендеріне ортадан тоңазытқыш алып беріп, өз тауарларыңызды сатылымға қойсаңыздар. Байқасақ, дүкендерде отандық өнімдерден гөрі шетелдік тауарлар көбірек. Сондықтан халыққа жергілікті сапалы өнімді осылай ұсынсақ,- дей келіп аудан басшысы кәсіпкерлердің жеке пікірлерін тыңдады.
«Бурный ірімшік зауыты» АӨК басшысы Әбдібек Пошқаев аудан басшысының ұсынысын қолдайтынын жеткізсе, «Самурай» ЖШС басшысы Нұрбақыт Тілегенов сүттің бағасын көтеру арқылы шикізат мәселесін шешуге болатынын жеткізді. Яғни, сүт бағасын көтеру арқылы тұрғындардың сиыр ұстауға деген қызығушылығы туатынын айтты. Ал, «Бурный сүт компаниясы» ЖШС өкілі сүттің бағасы көтерілсе, өндірілетін тауардың да бағасы көтерілетіні, бағаның көтерілуі қарапайым халықтың қалтасын қағатыны жайлы айтты. Қысқасы, кәсіпкерлер аудан басшысынан ойлануға уақыт беруін сұрап, тарқасты.
Жалпы негізінен кәсіпкерлердің басым көпшілігі бұл ұсынысқа қарсы еместігін білдірді.
Жуалы ауданы әкімдігі
07.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 77
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 82
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9198
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8595
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805