БІРЛЕСУ-ЕҢБЕКТЕ 130 ЖЕР ТЕЛІМІ БЕРІЛДІ

БІРЛЕСУ-ЕҢБЕКТЕ 130 ЖЕР ТЕЛІМІ БЕРІЛДІ

Жамбыл ауданында 11 мыңнан астам тұрғын жер кезегіне тіркелген. Осы күнге дейін бұл тақырып бауын тапса, байламын таппай жүрген мәселе еді. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесулерді 17 ауылдық округте өткізген аудан әкімі Сәкен Арубаев тұрғындарға жер телімінің аса қажеттігін анық түсініп, іс-шаралар тізбесіне осы мәселені алдыңғы шепке қойған болатын. 

Нәтижесінде, бұл жұмыстар ағымдағы жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей қолдауымен өз жемісін бере бастады. Жұртшылықты жер телімімен қамту мақсатында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 2,2 млрд теңге бөлініп, 7 елді мекенде 1882 жер телімін беру үшін инфроқұрылымдық-инженерлік желілерді тарту жұмыстары қызу жүргізілді.

Жуырда Шәкен Ниязбеков және Тастөбе ауылындағы 176 жер телімі тұрғындар игілігіне берілген болатын. 

 

Ал ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков Ақбастау ауылдық округіне қарасты Бірлес-Еңбек ауылында кезекте тұрған барлық азаматқа жер комиссиясының оң қорытындысы жарияланған құжатын тапсырып, қуаныштарына ортақтасты.

 – Халықтың ұсыныс-тілегі назардан тыс қалмайды. Бүгін 130 жер телімі үй салуға толықтай дайын. Баспана бақыты бұйырсын! Осында үлкен шаңырақтың кірпіші қалансын. Көптен бері кезегін күтіп жүрген азаматтарды тағы да құттықтаймын, – деді Нұрлан Күдербайұлы өз сөзінде. 

Кезекке ең алғашқылардың бірі болып тіркелген Бекен Бекбосынов үйдің құрылысын бастауға әзір екенін жеткізді.

 – Тұрғындардың талап-тілегі ескеріліп қана қоймай, орындалып жатқаны қуантады. Көктем келісімен шаңырақ тіктеуге жұмыла кіріспекшіміз. Барлық қуаныш иелерін құттықтаймын, – дейді ол.

Ақжігіт Жетпісбай Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
30.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 85
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 89
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 331
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 553
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 500

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9204
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8601
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11828
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9598
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10811