Биыл 150-ге жуық елді мекенге интернет қосылады

Биыл 150-ге жуық елді мекенге интернет қосылады

Мемлекет басшысына «сандық теңсіздікті» жою туралы есеп берген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Биыл еліміздің 150-ге жуық елді мекені сапалы интернетке қол жеткізеді. Мұндай ғаламтор желісіне Елорда, Алматы мен Шымкент қосылмақ.ОсылайшаIT-саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді», – деді. Министр сондай-ақ Astana Hub технопаркінің қызметі, Қазақстандағы шетелдік IT-компаниялардың жұмысы туралы да мәселеге де тоқталды. Президент оларға қолдау көрсетуді тапсырды. Бағдат Мусин Президентке Қазақстанды цифрландыру аясында энергетика, жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жерді қашықтан зонттау спутниктерін пайдалана отырып, су және жер ресурстарын мониторингтеу саласындағы бірқатар стратегиялық жоба туралы баяндады. Кездесу барысында министр «ҰАТ» акционерлік қоғамының ресурстары негізінде осындай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар отандық IT компаниялардың сарапшыларын тарта отырып, цифрландыру платформасын құруды ұсынды. 

                   

Ермек САХАРИЕВ
08.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5343
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5500
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20470
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19099
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22559