Биыл 285 елді мекенді су басу қаупі бар

     Биыл 285 елді мекенді су басу қаупі бар

    Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рүстембек Әмрин: «Өткен жылы атқарылған алдын алу іс-шаралар кешені жалпы ел бойынша 1 010 елді мекеннің 158-ін қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте қауіп жойылған елді мекендердің саны 340-қа жетті және 385 елді мекен үшін барынша азайтылды. Су басу қаупі бүгінгі күні 285 елді мекенде сақталып отыр. Қазіргі уақытта тікелей су тасқыны алдында әкімдіктердің елді мекендерден қар шығару, арықтар мен каналдарды, автомобиль және теміржол су өткізу құрылыстарын мұз бен қоқыстан тазарту, инертті материалдар қорын дайындау бойынша жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда елді мекендерден 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды. 4 мыңнан астам канал мен 5 мыңға жуық арық, 4 мыңнан астам автомобиль және 2 мың теміржол су өткізу құрылыстары тазартылды. 200 мың тоннадан астам инертті материалдар дайындалды. Халықпен 8 мыңға жуық жиын өткізілді. Су тасқыны кезіндегі іс-әрекет ережелері бар 40 мыңнан астам ұсынымдар таратылды»,— деп мәлімдеді.  

Ермек Сахариев
18.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5471
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5623
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20596
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19223
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22687