БИЫЛ КӨКТЕМДЕ ТҮРКІСТАННЫҢ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫНА ТАУПІСТЕ ЕГІЛЕДІ

БИЫЛ КӨКТЕМДЕ ТҮРКІСТАННЫҢ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫНА ТАУПІСТЕ ЕГІЛЕДІ
Түркістан қаласының микроклиматын жақсарту мақсатында өңірде 2019 жылы облыс әкімінің бастамасымен «Жасыл белдеу» құрылған болатын. Бүгінгі таңда «Жасыл белдеудегі» жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.
«Жасыл белдеу» құру жұмыстары бойынша Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылық мекемелері және «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көшет отырғызу, жасыл желекті суару, күтіп баптау жұмыстарын атқарып жатыр.
Түркістан қаласының айналасынан 7700 гектар жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, бүгінгі таңда бұл жұмыстар 14 мың гектарға орындалды. Алдағы уақытта саялы саябаққа айналдыру үшін әлі де жұмыстар жалғасады. «Жасыл белдеу» құру үшін негізінен жергілікті жерге бейімделген, бұрыннан өсіп тұрған ағаш-бұта түрлері таңдап алынған. Атап айтсақ, қарағаш, шаған, үйеңкі, талшын, айлант, арша, туя, жалпы саны 20-дан астам ағаш түрлерін егу және себу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады.
Қазіргі таңда мекеменің «Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің» қызметкерлері Түркістан қаласына жат, бірақ, қатал табиғат құбылыстарына бой бермейтін, адам мен аң-құсқа көлеңкесімен сая болатын жаңа ағаш-бұта түрлерін жерсіндірумен айналысып жатыр. Жерорта теңізі, Солтүстік-Батыс Африка, Батыс, Орталық, Шығыс Азия елдері мен Кавказ тауларында кездесетін таупістені (фисташка) Түркістан топырағына жерсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тау пістесінен көшет алып, оны өсіру өте қиын.
– Таупісте Түркістан облысында «Сайрам – Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түлкібас филиалы аумағында көп жылдан бері өсіп тұр. 2021 жылдың күз айында 5 килограмм таупісте тұқымы жиналып, тәжірибе ретінде стратификацияға қойылған болатын. Енді бүршік жара бастаған таупісте дәнін 2022 жылдың көктемінде «Жасыл аймақ» КММ-нің ғылыми қызметкерлері «Ескі әуежай» учаскесіне егіп көрген болатын. Нәтижесі жаман емес. Егілген таупісте дәнінің көнімділігі 65 пайызға жетті. Бұл – микроклиматы құрғақ Түркістан қаласы үшін өте жақсы көрсеткіш, – деді аға ғылыми қызметкер Төлеби Мұхтарұлы.
Былтырғы жылдың күзінде мекеме қызметкерлері 50 килограмм таупісте тұқымын жинап, ол стратификацияға қойылды. Биыл көктемде «Жасыл белдеу» аумағындағы учаскелерге егу жұмыстары жүргізіледі.
Жауапты бөлім қызметкерлері мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта тарихи қаланы гүлдендіру үшін ыстық пен суыққа, құрғақшылық пен шөлге төзімді, жергілікті флорада кездеспейтін жаңа декоративті ағаш-бұта түрлерін жерсіндіру жұмыстарымен үздіксіз айналысады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 27
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 13
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 972
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7024
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10867
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7090
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7230