🔷 Тұрғындар тарапынан қойылатын ең көп сауалдың бірі осы болғандықтан осы жылы атқарылатын жұмыстар жайлы ақпарат бергенді жөн көрдік.
🔰 Қаратау қаласы бойынша биыл 6 көше ағымдағы жөндеуден өткізіледі деп жоспарлануда. Атап айтқанда, І.Жансүгіров көшесі, ұзындығы 1,030 шақырым, жобалық құны 29710,0 мың тенге, Ы.Алтынсарин көшесі, ұзындығы 2,760 шақырым, құны 83412,0 мың тенге, Ә.Молдағұлова көшесі, ұзындығы 1,048 шақырым, жобалық құны 45456,0 мың тенге, Арыстанбаб баба көшесі, ұзындығы 1,006 шақырым, құны 25594,0 мың тенге, Б.Қарашаұлы көшесі, ұзындығы 2,814 шақырым, құны 75257,0 мың тенге. Одан бөлек, А.Байходжаев көшесін орташа жөндеуден өткізуге бюджеттен 24385,0 мың тенге бөлініп, толықтай асфальт жабындысы жаңартылмақ. Сонымен қатар, Қаратау қаласының оңтүстік кіреберісіндегі жол жабындысын орташа жөндеуден өткізуге (ұзындығы 4,1 шақырым) 149361,0 мың тенге бөлінді.
🔰 Қала ішіндегі қалған жөндеуді қажет ететін көшелерді орташа жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.