БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 500-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 500-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар салып, пайдалануға тапсырудан республикада көш бастап келеді. Әрбір аудан, қаланың елді мекендерінің жай-күйі сарапталып, тиісті құрылыс жұмыстары қарқынды әрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Аталған саладағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде тағы да сарапталды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды биылға жоспарланған құрылыс нысандарын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
– Әрбір құрылыс нысанындағы жұмыстар бақылауда болсын. Қадағалаңыздар. Уақтылы әрі талапқа сай тапсырылуы тиіс. Бұл нысандар елдің сұранысына және өңірдің даму жоспарына сәйкес салынып жатыр. Маған бос уәде емес, нақты жоспар, жұмыс қажет. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер өңір тұрғындарының тұрмыс сапасы мен әлеуетін көтеруге серпін береді. Сондықтан ел қазынасына салынып жатқан әрбір ғимарат жауапкершілікпен салынуы қажет, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға жұмысты ширатуды жүктеді.
Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің айтуынша, Құрылыс басқармасы мен аудан, қала әкімдіктерінің тапсырысымен қолға алынған бюджеттік инвестициялық жобалар саны – 485. Оның 22-сі пайдалануға берілген. Қаржысы толық шешілген жағдайда жыл соңына дейін тағы 396 нысан құрылыс аяқталса, 67-сі 2025 жылға өтпелі. Өңірде 21 білім нысанының құрылысы қолға алынып, оның 4-еуі тапсырылған. Жыл соңына дейін 10 білім нысаны тапсырылады, 7-еуі келесі жылға өтпелі.
Денсаулық сақтау нысанында 94 нысанның құрылысы жоспарланса, оның 3-еуі тапсырылған, жыл соңына дейін тағы 90-нын тапсыру көзделген. Бұл ретте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 жоба жүзеге асуда. Облыста 3 әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталса, жыл соңына дейін үшеуі ел игілігіне берілмек. Сонымен бірге құрылысы жүріп жатқан 12 мәдениет нысанының 4-еуі биыл ашылса, 23 спорт нысанының 3-еуі берілген. Жыл соңына дейін 10 спорт нысаны беріледі.
Тұрғын үй, инфрақұрылыммен қамту жұмыстары да қарқынды. Аймақта 221 үй, 2469 пәтердің құрылысы жүріп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
10.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Тараздың төл мерекесі тұңғыш рет қалай тойланды?
Москау НОҚРАБЕКОВ, қоғам қайраткері, z-taraz.kz - 11.10.2024 104
ЖЕДЕЛ КЕРІ БАЙЛАНЫС ТЕТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 11.10.2024 101
АҚТӨБЕДЕ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ТАҒЫ БІР МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі - 11.10.2024 95
СӘБИДІҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 11.10.2024 84
Алаш жұрты  Ғарифолласынан айырылды
«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы - 25.09.2024 981
13 жасар оқушы  бес түрлі қамшы өреді
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 1020
Ұстаздар 8 перзент  тәрбиелеп отыр
Бағдәулет Нұрмат, Түркістан облысы - 25.09.2024 995

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 5985
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5428
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8612
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6419
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7627