16 желтоқсан күні Жамбыл аудандық мәдениет үйінің көрермен залында 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Біз Тәуелсіз елміз» атты театрландырылған көрініс әлеуметтік желі арқылы көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар көріністен соң Аудандық мәдениет үйі өнерпаздары ән шашуларын тарту етті.
Ханның да, қараның да рухани өзегі болған Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас темірқазығы. Азаттықтың арайлы таңы – бұл тәу етер киеміз.
Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары Талғат Шәриұлы қатысты. Жиында Талғат Шәриұлы бірқатар азаматқа мерекелік медалдар табыс етті.
Сондай-ақ түрлі сала бойынша жыл үздіктері марапатталып, сыйлықтар үлестірілді.
Ал осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылқайнар мен Бектөбе ауылдарында тұрғындарға үй салуға жер телімі берілді.
Ауыл азаматтарының көптен бері есептік кездесулер мен қабылдауларда көтеріп жүрген мәселесі облыс әкімі Бердібек Машбекұлының тікелей тапсырмасымен осылайша өз шешімін тауып отыр.
Жер телімінде барлық инфроқұрылымдық-инженерлік желілер жүргізілген. Ауылдағы ағайын сол берілген жер теліміне қарашаңырақтың іргесін қалайтынына сенімдіміз.