Бізде су ресурстары қалай бақыланады?

Бізде су ресурстары  қалай бақыланады?

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының магистранттары мен оқытушылары  Дүниежүзілік су ресурстары күніне арналған «Сумен жабдықтау және санитария саласындағы экологиялық реттеу және бақылау» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

1993 жылдан бастап жыл сайын Дүниежүзілік су күні атап өтіледі және су және санитария дағдарысын еңсеруге шақырады. 

Халықаралық  дөңгелек үстеліміздің қадірлі қонақтары ретінде  Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы мен Балқаш Алакөл бассейндік инспекциясының өкілдері, Түрік елінің, Гази университетінің Инженерлік факультетінің профессоры қатысты.  Су саласының мамандары осындай мемлекеттік мекемелердің негізгі қызмет аясы мен міндеттері жайында өз тәжірибесімен, атқарылатын іс-шаралармен бөлісті.

Дөңгелек үстелімізде ең алғашқы қозғалған тақырып республикамыздың су ресурстарының қазіргі жағдайы және туындап жатқан маңызды мәселелері. Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. 

Алматы қаласында барлығы 109 су ағыны, 49 өзен бар және олардың жалпы ұзындығы 586,2 км созылады. Гидротехникалық құрылыстар – 48 (оның ішінде: 9 қалалық әкімдік, 11 Қазселденқорғау, 12 иесіз және 16 жекеменшік), арналар – 30 (магистральдық, суару, тарату), коллекторлар – 16 (12 иесіз) бар екендігін атап өтті. Жекелеген учаскелерді, жағалауды нығайту және абаттандыру жұмыстары жайында мемлекет тарапынан ауқымды іс-шаралар жүргізілгенін баяндап берді. 

Семинарда сондай-ақ Гази университетінің (Анкара қ., Түркия) инженерлік факультетінің профессоры Осман Нури Өздемирдің онлайн форматтағы баяндамасы тыңдалды, онда түрік ғалымдары әзірлеген су сапасын жақсарту әдістері жайында бөлісті. Біздің Қазақстандық ғалымдар да суды тазарту әдістерімен бөлісті. 

Дөңгелек үстелдің соңғы минуттарында студенттер мен оқытушыларға тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойылып, логикалық тапсырмалар берілді, барлығы белсенді жауап берді. 

Л.С.ҚҰРБАНОВА, 

Б.Х.ТҮСҮПОВА, 

Г.А.МҰҚАНОВА, 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО

 кафедрасының оқытушылары

 

21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 82
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 76
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 82
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 276
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 272
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 893

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8970
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8364
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11590
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9348
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10574