Біздің шенділерге жетіспейтіні – қарапайымдылық

Біздің шенділерге жетіспейтіні –  қарапайымдылық

Бір қобызшы досым Түркияға барып келген. Сол айтады: «Қаланы армансыз араладық. Сапарды ұйымдастырушылар атақты бір университетке алып барды. Тарихы үлкен оқу орны екен. Іші ғажап. Кітапханасы ат шаптырым.  Таңдайымызды қағып аралап жүрміз. Адам көп.  Ығы-жығы. 

Түстік уақыты келгенде студенттер асханасына апарды. Көппен бірге кезекке тұрып ас алдық. Бір кезде кезектің орта тұсында тұрған  дембелше келген кісі бізге жақындап келіп, түрікше «Қош келдіңіздер!» деп ілтипат көрсетіп, өзінің орнына қайта барып тұрды. 

«Бұл кім болды екен?» деп сұрасақ, «Осы университеттің ректоры ғой, Сіздерді көріп, сәлем беріп кетті» деп қарап тұр. Таң қалдық», – дейді досым. 

Міне, дамыған елдердің азаматтары! Ерекшеленбейді. Студенттермен асханада кезекте тұрады. Мейлі президент бол, халықтан үлкен емессің. Саған бөлек дастархан жаймайды ешкім. Көппен бірге ішесің. Біздің елде университет түгілі мектептің директоры студенттермен отырып тамақтана ма? Әй, қайдам?!

Осы әңгіме айтылғанда есіме Астананың бір мектебінде еден жуушы болып істейтін жеңгемнің «Түстікті директордың кабинетіне апарып береміз» дегені түсе кеткені.

«Жаңа Қазақстан» құрғымыз келеді. Ол үшін бәріміздің де ой-санамыз жаңаруы керек. Жоғарыдан бастап, төменге дейін.  Қарапайымдылық қағидалары иманмен ұштасса, тіпті жақсы... Арамыздан біреу президент Тоқаевпен бет-бетпе сөйлессе, шаруасын айтса,  «Ой!» деп таңданамыз тағы. «Жай адамға Тоқаевпен сөйлесу қайда,  биліктен рұқсат алған-ау» деп тон пішеміз.

Америкада кез келген америкалық Ақүйдің алдына күркесін тігіп, қарсылық білдіре алады. Бізде Ақорданы полиция қоршап, күзетіп тұрады.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 150
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 336
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 329
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 953

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9028
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8424
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11652
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9408
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10634