2012 жыл. Бұл жылғы нөмірдің беташары «Саяси раптиялардың сықпыты осы ма?» (авторы – Сәуле Мешітбайқызы) атты сыни мақаламен ашылды. Бұл жылы «Саясат» айдарымен «Жаңа Парламент әлеуметтік шиеленістердің алдын ала ма?» «Түркілік интеграцияға саяси басымдық берілуі керек», «Жаһандануда түркі халықтары ортақ тілді қажет ете ме?» (С.Асанов), «Қазақтың мүддесін «аттандап» қорғайтын Ассамблея қажет!» (С.Мешітбайқызы), «Әлем көз тіккен Астана форумы дағдарысты шеше ме?» (Н.Қабылбек), «Еуразиялық одақ бізге не береді?» (Е.Сахариев), «Қытайларды қызықтыратыны қыздарымыз ба, әлде қасиетті жеріміз бе?» (Мира Майшығұлова), «Экономикадан» «Ортақ валюта Тәуелсіздікке қауіпті», «Голландық дерт отандық өндірісті тұралатып тұр», Жұмыс пен баспана – тіршілік көзі», «Экономикалық құлдырау және көлеңкелі бизнес», «Жер саясаты немқұрайдылықты көтермейді», «Баспана жыры қашан бітеді?», «Жанармай үшін тағы да Қытайға жалбарынамыз ба?» (Ермек Сахариев), «Жанайқай» айдарымен «Көгені әлсіз Кеген», «Өлетініңізді не өлгеніңізді хабарлаңыз», «Жүн-жұрқа, тері-терсек арасынан шыққан айқай», «Пәтер емес, пәле сатып алыппын», «Кімсің сен, министр Х-Дөкей?», «Таклышевтің кесірінен «тар жол, тайғақ кештім» (Ж.Мерекеұлы), «Түркі дүниесі» айдарымен «Көне түркі мифологиясының өзекті мәселелері» (Жұлдыз Сүлейменова), «Тағанақ талқы» айдарымен «Жат жұрттағы бауырларымыздың атажұртқа көші неге тоқырап тұр?», «Ғылым ордалары ғылымды дамыта ала ма?» (М.Майшығұлова), «Қазақтарды жансыз ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар» (Кәмшат Айдарханова), «Кітап оқымаған бала нәр алмаған шыбықпен тең», «Ел қамын ойлар бүгінгінің Бұхар жырау, Махамбеттері қайда?» (Нұргүл Жамбылқызы), «Тұлға» айдарымен «»Қазақтың қайыспас қара нары» (М.Жолдасбеков туралы, Боранбек Шүкірбеков), «Ататүрік елі үшін туған ер еді» (Ақсұңқар Ақынбаба), «Қазақ кино өнерінің майталманы» (Кәмшат Айдарханова), «Әдебиет» айдарымен «Бүгінде әдебиет жоғалған жоқ» (Берік Шаханұлы) мен «Бұл заман – әдебиеттің қадірі кеткен заман» (Мырзан Кенжебайдың пікірталасы, «Аса шебер» әдебиет ұрысы» (Рақым Айыпұлы) мен «Ақ, Аққа Құдай жақ» (Сәбит Досанов) арасындағы бетпе-бет, «Дауды доғарған дұрыс», «Масқара» мақалалары оқырманымен қауышты. «Тарих қатпары» айдарымен «Қазақ хандығы мен Ресей патшалығы арасындағы соғыс», «Оғыз қаған және түркі өркенитетінің болғандығын бүкіл әлем мойындауы тиіс» (М.Исахан), «Қоғам» айдарымен «Хақ дінде терроризм түсінігі бар ма?», «Алаш ардақтыларының әйел жайлы пайымдаулары» (М.Исахан), «Қарттарын құрметтемеген қоғам оңбайды» (Сәуле Мешітбайқызы), «Әлеумет» айдарымен «Наурыз – жыл басы ғана емес, азаттық айғағы» (С.Мешітбайқызы), «Ауыл» айдарымен «Тасқынға тосқын», «Обыр» (Айша Өтепали), «Мойынқұм инновациялық жобаларды қарқынды қолға алуда» (С.Мешітбайқызы, Н.Қабылбек). Бұдан басқа өнер, тіл майданы, т.б. айдарлармен тұщымды мақақалар жарық көрді.