«Бизнес бастаудың» берекесін көрген кәсіпкер

«Бизнес  бастаудың»  берекесін көрген кәсіпкер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу үшін кәсіпкерлікті дамыту керектігін атап көрсетті. Осы бағытта мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар да аз емес. Орта және шағын бизнестің дамуына қолдау ретінде түрлі бағдарламалар іске қосылып, ел тұрғындары игілігін көруде. Соның бірі – «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстары жыл басынан бері қарқынды ұйымдастырылып келеді.

Жоба бойынша бір айлық оқуды тамамдап, қолына алған қаржысына бес асылтұқымды занен сауынды ешкісін сатып алған Жамбыл ауданының Аса ауылының тұрғыны Нұрила Исабекова бұл күнде ешкісін түлетіп, мал басын көбейтіп отыр. 

– «Бизнес Бастау» жобасы кәсіппен айналысамын деген жұмыссыз адамдарға арналған өте пайдалы әрі тиімді жоба екен. Жоба бойынша бір ай оқып, білікті бизнес-тренерлерден тәлім алып, бизнес-жоспарды қалай жазу керектігін үйрендім. Оқу курсы аяқталған соң, қолыма сертификат алдым. Одан кейін бизнес-жоспарымды сәтті қорғап, 583 400 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант ұтып алдым. Сол кезде қолдау білдіріп, барынша көмектескен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының қызметкерлеріне алғысым шексіз.

Бүгінде мемлекеттік бағдарлама арқылы берілген көмектің арқасында кәсібімді дөңгелетіп отырмын. Қазір он бес сауынды ешкімнің сүті, май-құрты ел-жұрт ішінде үлкен сұранысқа ие. Басты тұтынушыларым – ауылдастарым. Кейде көршілерімнен артылмай қалады. Қаладан да тапсырыс берушілердің қатары күн санап артып келеді. Сүттің бір литрі – 500 теңге. Төлі, яғни лақтары 25 000 теңге тұрады. Бүгінге дейін 12 лақтың бесеуі сатылып кетті.

Кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы мен талабы бар кез келген адам қабілетті. 21 күндік курс кезінде осыны ұғындым. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың елге берері көп екенін түсіндім. Тек бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ерінбей еңбек ете беру керек, – деді бізбен болған әңгімесінде мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отырған Нұрила Әбенқызы.

Ежелден мал бағып, баптаған халқымыз ешкіні төрт түліктің қатарына қоспаса да, қадірін жақсы білген. Себебі ешкі қойға қарағанда тез көбейеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Сондықтан тың кәсіпті игеріп отырған шаруаға сәттілік тілейміз!

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 124
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 160
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 157
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 124
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 271
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 480
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 443

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9142
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8540
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11769
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9534
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10748