Бүгін, Тараз өңірлік университетінде оқып жатқан болашақ журналистермен кездестім. Кездесуде кәзіргі Қазақ журналистикасының жағдайы, кешегісі, бүгінгісі және болашағы туралы әңгіме өрбіді.
Журналистік кәсіпті таңдаған жас қыздарым мен балаларымның көзінен жалын көргендей болдым. Талаптары таудай екен. Кезектесіп сұрақ қойды, көп нәрсені білгілері келетіндерін байқадым. Ашық әңгімеден олар да, мен де рухани қанағат алғандай болдық. Жалпы осы кездесуден түйген ойым - болашақ медиамамандармен аға буын журналистердің жиі кездесіп тұруының пайдалы екендігі болды.
Осы кездесуді ұйымдастырған университеттің Бақытжан мырза бастаған ұстаздарына ризашылықтан басқа айтарым жоқ. Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында журналистер тапшы. Күні ертең біздің орнымызға келетін журналистердің мықты буынын көргендей әсерде болдым.
Қорытындысында жастарға батамды беріп, болашақтарына сәттілік тіледім.