Болат Әбілев саясатқа қайта оралды ма?

  Болат Әбілев саясатқа қайта оралды ма?

    Белгілі саясаткер Болат Әбілев бұдан бірнеше жыл бұрын саясаттан кететін мәлімдеп, содан бері саяси аренадан көрінбей кеткен еді. Осыдан кейін  бұрынғы кәсібіне – бизнесіне көшкен. Қаңтар трагедиясынан соң тура бір ай өткенде Б.Әбілев видео үндеу жасап: «Құрметті азаматтар! Кешегі Қаңтар ұлттық трагедиямызға қырық күн болды. Өмірден озған азаматтарды еске алу бейбіт митингісіне 13 ақпан күні сағат 12:00-де, Республика алаңына шақырамын, мен – Болат Әбілов», – деп,  халықты бейбіт митингіге шақырды.  Әлеуметтік желіде Б.Әбілевтің бұл шақыруын жұрт екұшты қабылдап жатыр. Мұны «Әбілевтің саясатқа оралуы» деп түсінгендер де, «биліктің өтінішін орындауы» деп қабылдағандар да бар.  Қалай десек те, мұның тегіннен-тегін әрекет емес екені кәміл. Тек әліптің артын бағалық.

Ермек Сахариев
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5516
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5665
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20636
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19268
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22728