БҚО әкімі Нариман Төреғалиев: «Ауылдағы қарашаңырақтың отын қайтадан түтетіп, қара қазанын қайта қайнатуымыз керек»

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев:  «Ауылдағы қарашаңырақтың отын  қайтадан түтетіп, қара қазанын  қайта қайнатуымыз керек»

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысына халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас директоры, ел анасы Сәуле Мешітбайқызы жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының қабылдауында болып, ел-жұртпен кездесіп, ауыл-аймақтарды аралады.

Газетіміздің бірнеше құзырлы министрліктермен және ірі мекеме-ұйымдармен бірлескен дәстүрлі «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» экспедициясы аясындағы кездесулер батысқазақстандықтарға да ерекше ой салды. Өңір басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» бағдарламасының болашағы бұлыңғыр елді мекендерді қайта жандандыруға, ауылдың тыныс-тіршілігін қайта қалыпқа келтіруге бағытталуының өзі басылым көтеріп жүрген мәселемен үндеседі.

Сәуле Мешітбайқызын арнайы қабылдаған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев аталмыш жоба туралы айтып өтіп, соңғы үш жылда ауылдық жерлерге 1500 тұрғын үй салынғанын жеткізді. 

– Бұл бағдарламаны дайындау барысында ауылдан халықтың көшу үдерісін зерделеп көрдік. Жан-жақты сараптама жасадық. Халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Басты мақсат – отбасыларды ауылға тарту, көші-қон мәселесін реттеу, ауылдық жердегі жұмыс күші тапшылығын жою, жас отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешу. «Қарашада қара үй тұр, қарайлай жүр артыңа» дегендей, бүгінде ауылдықтар қара шаңырақтарын тастап, қара қазандарын жауып, қалаға көшуге асығады. Ал біз жерлестерімізді ауылдағы қара шаңырақтың отын қайтадан түтетіп, қара қазанды қайтадан көтеруге шақырып жатырмыз. Сондықтан бүгінгі таңда жаңа үйлерді ауылдарда салуға басымдық берудеміз. Аудан орталықтарында дәрігер және мұғалім мамандар үшін ғана тұрғын үйлер тұрғызылуда. Облыстағы 405 ауылдың 200-дейі жаңа баспаналармен толықты. Әсіресе, бұл ізгілікті істі ауыл кәсіпкерлері қолдап, өз үлестерін қосуда. Қазіргі уақытта Қытай еліндегі қазақ отбасыларын осы бағдарлама арқылы ауылдарымызға көшіріп әкелуге әрекеттеніп, келіссөздер жүргізудеміз, – деді облыс басшысы Нариман Төреғалиұлы.

Өз кезегінде ел анасы Сәуле Мешітбайқызы да аталмыш бағдарламаға қызығушылық танытып, мұндай қанатқақты жобаларды ел көлемінде кеңірек насихаттау қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар газетіміздің экспедициясының мақсат-міндетіне тоқталып өтті. 

– Біз де ауыл мәселесін басылым бетінде жиі көтереміз. Дәстүрлі экспедицияның биыл «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» деп аталуы да кездейсоқтық емес. Өскелең ұрпақтың тәрбиесі, сапалы білім мен саналы тәрбие алуы да  маңызды. Ауыл-аймақтарды аралай жүріп, осындай өзекті мәселелерге құлақ түреміз, – деді газетіміздің басшысы. Газетіміздің алдағы нөмірлерінде Сәуле Мешітбайқызының облыс аудандарына сапары және «Қаладан – ауылға» бағдарламасымен ауылдық жерлерге қоныс аударған жас отбасылардың тіршілігі туралы жариялайтын боламыз. 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы
21.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 271
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 265

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18922
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18787
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33955
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32504
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36308