БҚО-да жерге орналастырушы мамандар марапатталды

БҚО-да жерге орналастырушы мамандар марапатталды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Жерге орналастыру, геодезия және картография саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

         Аталмыш мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты шара барысында мереке иелеріне құрмет көрсетілді. Айталық, филиалдың жетекші сарапшысы Алтынай Төремұратова – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Үздік жерге орналастырушы» Құрмет дипломымен, Асылбек Қонысов, Махамбет Әлжанов, Майса Бектенова, Марат Ғабдушев, Қанат Ахмадиев сынды бір топ қызметкер – Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Сондай-ақ бірқатар қызметкерлер Орал қаласы әкімдігінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, филиал директорының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Филиалдың кәсіподақ ұйымы Нұрғали Здиханов мен Тұрарбек Каймашевке «Кәсіподақ саласының үздігі» төсбелгісін, ал Айбек Мансұровқа «Құрмет грамотасын» табыс етті.

Мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар сала ардагерлері де мерекелік кештің құрметті қонағы болып, өз естеліктерімен бөлісіп, құттықтау тілектерін жеткізді.

Жалпы бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Жерге орналастыру, геодезия және картография саласы бойынша 80 шақты азамат қызмет атқарады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
16.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5374
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5531
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20499
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19130
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22591