БҚО-дағы 20 өрт сөндіру бекеті 103 елді мекенді тілсіз жаудан қорғауға қауқарлы

БҚО-дағы 20 өрт сөндіру бекеті 103 елді мекенді тілсіз жаудан қорғауға қауқарлы

 

Қауіпсіздікті қадағалап, өңір тұрғындарын сақтыққа шақырып жүретін төтенше жағдай саласы қызметкерлерінің жұмысы қашан да қауырт. Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов жуырда БАҚ өкілдерімен кездесіп, 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жедел жағдайлар туындаған кезде батыл қимылдайтын ТЖД-нің авариялық-құтқару қызметтері есептік кезеңде дабыл бойынша 2363 рет қызметке шыққан. Нәтижесінде 851 адам құтқарылып, 802 тұлға эвакуацияланған. Сонымен бірге 153 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілген. Өткен жылы облыс аумағында  табиғи және техногендік сипаттағы 610 төтенше жағдай тіркелген. 61 азамат зардап шексе, өкінішке орай 41 жерлесіміз тілсіз жаудың құрбаны болыпты. Оған қоса мына бір статистика да көңіл жабырқатты. Былтыр 33 адам (11-і бала) суға кетіп мерт болса, 4 рет жаппай суға бату оқиғасы салдарынан 9 адам (5-еуі бала) бақилық болған. Әлемді жайлаған коронавирус індетінен 668 батысқазақстандық қайтыс болған.

– Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт саны 8%-ға, қаза болғандар саны 4-ке төмендеді, жарақат алғандар саны 36,6%-ға (7 адам) азайды. Ал табиғи жанудың саны – 35,5%-ға, табиғи өрттер саны 44,1%-ға азайды.  Алайда орман өрттерінің 68,4%-ға өсуі байқалады. Бұл ретте осы өрттердің ауданы мен залалы алдыңғы жылғы көрсеткіштерден айтарлықтай төмен, – дейді департамент бастығы Ернұр Сапарұлы. Айтуынша, БҚО-да қазіргі уақытта 103 елді мекенді қызыл жалыннан қорғайтын 20 өрт сөндіру бекеті жұмыс жасайды.

Департамент бастығы өз баяндамасында мемлекеттік бақылаудағы нысандардың өртке қарсы қауіпсіздігін қадағалау іс-шараларынан да хабардар етті. Тілсіз жаудың алдын алу да – осы мекеменің құзырында болғандықтан, өткен жылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің өртке қарсы жағдайына 1539 тексеру жүргізіліп, 6304 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу оқиғалары анықталған. Сәйкесінше, барлығы 916 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 26 683 257,5 теңгені құрайтын 608 айыппұл (99,7%) өндірілген. Ерікті түрде төлеу мерзімі бар жалпы сомасы 335 455 теңге болатын 2 әкімшілік айыппұл әлі өндірілмеген.

Қазір – жылыту маусымының кезеңі. Осы уақытта да тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қадағалау жауапкершілігін күшейту талап етіледі. Департамент мамандары атап өткендей, 2021-2022 жылғы жылу беру кезеңінде БҚО-да 107 өрт тіркелген. Мұндай төтенше жағдай кезінде өрттен 1 адам қаза болса, 4 тұрғын зардап шеккен. Табиғи газбен уланудан адамдардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу мақсатында өткен жылы 4 мыңнан астам газ талдағыш орнатылған. Ал 2021 жылдың басынан бері жергілікті атқарушы органның демеушілік көмегі есебінен 993 улы газ датчигі сатып алынған. 

Төтеншеліктер маусымның қай кезеңінде болмасын, түрлі апаттардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, төтенше жағдайларды болдырмауға күш салады. Осындай ауқымды іс-шаралардың бірі – облыста көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары. Өткен жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі апатты жағдайларсыз өткені белгілі. Биылғы жылға да барлық қам-қарекет жасалып, дайындық жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Сонымен бірге төтенше жағдай саласының қызметкерлері қаһарлы қыста қар құрсауында қалғандарды құтқару, тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізу, су айдындарындағы қауіпсіздікті қадағалау сынды жұмыстардың басы-қасында жүреді.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е.Өтегенов ағымдағы жылдық еншісіндегі міндеттерді де атап өтті.

Ләззат ҚАЖЫМОВА Батыс Қазақстан облысы
07.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8576
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784